Алтыным - құттықтау

Алтыным

әні Әсет Бейсеуов
сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі
Теңіз болып толқыдың да шалқыдың,
Айдынында шағала боп қалқыдың.
Гүлім болып жайнап өскен жайлауда,
Самал болып аймаладың, алтыным,алтыным.
 
Бірге өткізген талай күнді бал-шырын,
Сымбатыңа, сөздеріңе балқыдым.
Бұлбұл болып көңіліме сайрадың,
Жұлдыз болып жарқырадың, алтыным, алтыным.
 
Тамашалап сұлу бақты, тау суын,
Ортаға сап бөлуші едік жан сырын.
Оралмасқа кетті ме әлде жан сырын,
Сағындым ғой, қайда жүрсің, алтыным, алтыным.

Қазақстан композиторларының әндері » Соңғы қосылған дүниелер »