Елігім - еркем - құттықтау

Елігім - еркем

әні Ескендір Хасанғалиевтікі
сөзі Бәкір Тәжібаевтікі
Қиялымды көкке өрлеткен,
Елігімді көктем еткен.
Елігімсің - еркем менің,
Хабарыңды көптен күткем!
 
Қайырмасы:
 
Жан дауасы сенен деймін!
Сенсіз күйге бөленбеймін.
Бір сәлемің жетер-ау деп,
Елігім-ау, елеңдеймін.
 
Тағдыр берген саған көрік,
Қарай берсем, табам ба ерік.
Елігім-ау, жетпей қойды,
Сенсіз көктем маған келіп.
 
Қайырмасы:
 
Елігім-ау, жүремін ғой,
Сен туралы көп ойланып.
Оралмай жүр жыр айналып,
Қона алмай жүр ән айналып.
 
Қайырмасы:

Ән - көңілдің ажары » Қазақстан композиторларының әндері » Ескендір Хасанғалиев әндері »