Гүлсезім - құттықтау
Гүлсезім
әні Ескендір Хасанғалиевтікісөзі Тұрсынай Оразбаеванікі
Өмірге тағдыр айдап,
Кездестім өзіңменен.
Кезім боп бал-бұл жайнап,
Қайғы-мұң сезілмеген.
Қайырмасы:
Тұңғиық көзіңдегі,
Бөлендім шапағатқа.
Бұл нәзік сезім бе еді,
Бұл әлде махаббат па?!
Көңілді алым ұшқан,
Шаттығын жасыра алмай.
Жандардай сағынысқан,
Жалындап басыла алмай.
Қайырмасы:
Келеді құшақтағым,
Келеді еркелегім.
Ешкімге ұқсатпадым,
Не деген көркем едің?
Бейнеңе елжіреген,
Тым ұзақ жаутаңдадым.
Жанымның мөлдіреген,
Сырларын айта алмадым.
Қайырмасы:
Тұңғиық көзіңдегі,
Бөлендім шапағатқа.
Бұл нәзік сезім бе еді,
Бұл әлде махаббат па?!
Ән - көңілдің ажары » Қазақстан композиторларының әндері » Ескендір Хасанғалиев әндері »