Әдемі-ау - құттықтау
Әдемі-ау
әні Ескендір Хасанғалиевтікісөзі Бәкір Тәжібаевтікі
Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді,
Күдерін құштарынан бір үзбейді.
Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма,
Өзіңді мен іздемей кім іздейді!
Арына махаббаттың шырай керек,
Шын сүйген азабына шыдайды көп.
Ән айттым, арнап саған ұнай ма деп,
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек.
Қайырмасы:
Арманымның нұры,
Ақындықтың сыры,
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау.
Көңілімнің сазы,
Өмірімнің назы,
Қайда жүрсің, Әдемі-ау.
Өзің ғой өміріме сән берген де,
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау сен келесің, көз алдыма,
Ақ қайың самал жермен тербелгенде.
Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма?
Өзгелер сені мендей сезе алар ма?
Ақ толқын жағалауға асыққанда,
Айым-ау, сен келерсің көз алдыма!
Ән - көңілдің ажары » Қазақстан композиторларының әндері » Ескендір Хасанғалиев әндері »