Ауылым - құттықтау

Ауылым

әні Теміржан Базарбаевтікі
сөзі Жәбірайыл Бейсеновтікі
Кіндігімнің жас қаны,
Тамған жерім ауылым.
Шабытымның асқары,
Самғаушы еді ауылым.
 
Жастығымның куәсі,
Шұрқыраған ауылым.
Жусаны мен жуасы,
Бұрқыраған ауылым.
 
Биік-биік шың, құзға,
Құмар қылған ауылым.
Бүлдіршіндей бір қызға,
Сыңар қылған ауылым.
 
Әнмен таңды атырып,
Ән салдырған ауылым.
Сары қымыз сапырып,
Тамсандырған ауылым.
 
Көк түтінді шұбатып,
Желек созған ауылым.
Ай көрмесем құмартып,
Жүрек созған ауылым.
 
Көк торғындай көктемде,
Сағым қуған ауылым.
Алыс сапар шеккенде,
Сағындырған ауылым.


Қазақстан композиторларының әндері » Соңғы қосылған дүниелер »