Анамды құттықтау - құттықтау

Анамды құттықтау

Айка Ыдырыс http://aika-1992.yvision.kz
 
Аяулы анамның туған күні!!!
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!
 
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.
Тілін алсам - айналған, күнәм болса -өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың,
Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сенбей бар ма жанашыр.
 
МЕН СІЗДІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ!!!



Б үгін - анамыздың туған күні. Осыған орай, ардақты да асыл анашымызды шын жүрегімізден құттықтаймыз. Деніңізге саулық, шаңырағыңызға ырыс-байлық, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы қалпыңыздан танбай, жетістіктен жетістікке жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын. Жүзіңізден шуақ кетпей, ғұмыр бойы мәз-мейрам болып, өмірдің қызығына тоймай, ортамызда жүре беріңіз. Дос-жаран мен туған-туыс алдында абыройыңыз артып, аңсаған армандарыңыздың асуларына шыға беріңіз. Жұлдызыңыз жоғары, мерейіңіз үстем болып, қуанышқа кенеліңіз.


Ұл-қыз өсіріп, немерелерінің қымбатты анасы, сүйікті әжесі болып отырған 60-тың асуына шыққан .......... тұрғындары ........ пен ......... мерейтойларымен құттықтаймыз.
 

Туыстарға » Анама »