Тамаша - құттықтау

Тамаша

әні Теміржан Базарбаевтікі
сөзі Қадыр Мырзалиевтікі
Тамаша, той думанмен таң атырса,
Сол кезде жаныңда әсем жан отырса.
Тамаша, жексенбі күн көл басында,
Тұнықтан балық аулап бала отырса.
 
Тамаша, тойлы ауылдың түнін көрсе,
Түнде сол айдай сұлу теңін берсе.
Тамаша, достарыңмен дала кезіп,
Торқалы туған жердің гүлін терсе.
 
Тамаша, қырдан қызыл түлкі ауласа,
Түлкіге құмай қосып қиқуласа.
Тамаша, қанжығаңды қандап қайтса,
Тамаша, соның бәрі мүмкін болса.
 
Тамаша, жүрегіңді ыстамаса,
Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса.
Тамаша тамаша емес бірақ та ол,
Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса.


Той әндері » Соңғы қосылған дүниелер »