Әкем - әнім - құттықтау

Әкем - әнім

әні Әділбек Сулейменовтікі
сөзі Орынбасар Сүттібаевтікі
Ұшырдың баптап ұядан,
Кетпейсің ойдан, қиялдан.
Арманға биік қол созсам,
Тұрасың демеп жиі алдан.
 
Қайырмасы:
 
Көңілім бүгін алаңды,
Күттің бе әке балаңды.
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді.
 
Адалдық әркез көксеген,
Үйрендім әке тек сенен.
Ардақтап өтем мәңгілік,
Ғұмырда жалғыз тек сені.
 
Қайырмасы:
 
Жүректі тербеп күй сынды,
Биікке ұшсам сүйсіндің.
Мойныңа көптен асылмай,
Сағындым, әке, исіңді.
 
Қайырмасы:

Әке туралы » Соңғы қосылған дүниелер »