Қыз ұзату әні - құттықтау
Қыз ұзату әні
әні Тұрсынбаев Жоламандікіөлеңі М. Әлімбаевтікі
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын,
Жан-жүйең қалай ғана сыздамасын.
Құдалар, алақанға салып бердік,
Жүректің жұлып алып бір парасын.
Көңіл де, көз де тояр күйеу бала,
Болғайсың үш жұртыңа сүйеу-пана.
Жарыңның жұлдызы боп, бақытты бол,
Мұндай қыз бұл дүниеде біреу ғана.
Тірліктің шеберіміз көркемдейтін,
Орай жоқ кеш дейтін де, ерте дейтін.
Үлкендер, сау болыңдар, еркелетер,
Кішілер, сау болыңдар, еркелейтін.
Ән - көңілдің ажары » Той әндері »