"Ақ бидай" немесе "Жасай бер қазақ" - құттықтау
"Ақ бидай" немесе "Жасай бер қазақ"
«Әнім сенсің, тың дала», «Ақ бидай», «Жасай бер, қазақ!»Әні: Е.Хасанғалиев
Сөзі:
Ақ бидай – әнім, ақ бидай – дәнім, Ақпейіл – халқым, ақпейіл – әр үй. Еңбегі – шежіре, ерлігі – дастан, Қазағым осы, дәулеті тасқан!
Дәм-тұзға толы дастарқан дала,
Күн сайын думан, күн сайын – жаңа ән.
Күмбірле күйдей көңілдің хошы,
Мерейі асқан қазағым – осы!
Қонағы келсе – құшағы ашық,
Дүшпанға – қатал, досына – ғашық.
Теңіздей терең, тасындай заңғар,
Қазағым, достар, – осындай жандар.
Әлемге айдай асырған даңқын,
Ұл-қызы әсем, жүздері жарқын.
Еңсесі биік, елдігі ғажап,
Жасыма, жайна, жасай бер, қазақ!
Ал мына сөздер екінші шумақта болғанға ұқсайды:
«Қазақтың нағыз шырқаған шағы», – Деді ғой Леонид Ильичтің өзі!
Ескендір Хасанғалиев әндері » Соңғы қосылған дүниелер »