Желтоқсан құрбандарының хаты - құттықтау

Желтоқсан құрбандарының хаты

әні мен сөзін жазған Кәкімбек Ердібаев
 
Қазақ елі қымбатты!
Түнің кетіп, таң атты.
Желтоқсанда мерт болған,
Ұландарың  үн қатты.
Аман ба екен, анашым?
Білген өмір бағасын.
Ботасынан айрылып,
Алған өмір жазасын.
Сұлу арман қуған жер,
Жас өмірді қиған жер,
Аман ба кен біздерді
Еркелеткен туған жер.
 
Бізді еске ала ма,
Сол алаңға бара ма?
Қан төгілген жерлерге
Гүл  шоқтарын қоя ма?
Біздің іске сенді ме?
Әділ баға берді ме?
Адалдығын ызының
Жан анашым білді ме?
Қазағымның намысын
Ту көтердік бағы үшін.
Атқан қондық біз жастар,
Азаттықтың таңы үшін!
 
Күмістейін үніңді,
Ғашық еткен түніңді
Сағындық қой дүние-ай,
Сенің жарық күніңді.
Көктем бе екен, күз бе екен
Туған жерде біз кеткен?
Алматының алмасы
Пісіп әлде тұр ма екен?
Жүйрік болып тұлпары,
Самғап биік сұңқары,
Биік ұста туыңды,
Ұлы Қазақ ұрпағы.

Патриоттық әндер » Соңғы қосылған дүниелер »