"Заман" тобы орындайтын "Өмір-өзен" әні - құттықтау

"Заман" тобы орындайтын "Өмір-өзен" әні

Әні: Ұлықпан Жолдасовтікі
сөзі Ринат Зайытовтікі 
Асып-тасып, төгілетін,  Алқынып ұшатын көңіл-ай,  Өзгерместей көрінетін,  Баянсыз бес күндік өмір-ай,  Тасқын болып, тасып тұрған  Жастық шақ алдады таңдамай  Әлденеге асықтырған  Желігі басылмас жалған-ай. Қайырмасы: Өмір-өзен ағады, әттең,  Өкініштің алауы  Жанымды өртеп барады.  Өмір-өзен ағады, әттең,  Менің жаным жаралы  Қай жағада қалады?  
Дүниеге алданады  Қомағай көзіміз тоймаған.  Бірақ соның бар ма мәні,  Тек оңаша үнсіз ойланам.  Өткізермін өмірімді  Шабытты оздырып сағатқа,  Жүректегі сенімімді  Сөндіре көрмеші, жаратқан.
 

Кейінгі жылдар әндері » Соңғы қосылған дүниелер »