Ақбота Керімбекованың орындауындағы "Келем деші" әні - құттықтау

Ақбота Керімбекованың орындауындағы "Келем деші" әні

Ақбота Керімбекованың орындауындағы «Келем деші» әні
Әні Бауыржан Өскінбаевтікі
сөзі Ринат Зайытовтікі
Ай боп іздеп күнді,
Таң боп іздеп түнді, Сағынамын әлдекімді… Армандаймын аңсап, Жүрегіммен ән сап, Жүрсің неге менен алшақ?  Қайырмасы
Келем деші, күнім, Келем деші бүгін. Шын бақыттың гүлін бер маған. Келем деші, еркем, Күндей күліп көркем. Тым болмаса ертең кел маған Үміт отын жалғай, Құс боп қанат талмай, келем деші… Жан сырымды тылсым, Тек жұлдыздар білсін, Айтшы, жаным, қайда жүрсің? Тәтті мұңға батып, Сені күту – бақыт, Өтсін, мейлі, қанша уақыт.

Кейінгі жылдар әндері » Соңғы қосылған дүниелер »