Ел, туған жер отан туралы әндер - құттықтау

Ел, туған жер отан туралы әндер

 
Өз елім                          
әнін жазған Нұрғиса Тілендиев
сөзі Қадыр Мырзалиевтікі
 
Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
 
Қайырмасы:
 
Түлегі сендер,
Тілегі сендер,
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер,
Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің!
 
Ақ күмбез астығы,
Асқар боп өрлеген.
Жалынды жастығы,
Жүлдені бермеген.
Өз елім менің -
Өзегім менің.
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
 
Қайырмасы:
 
Бұзылмас қамалы,
Батыры уақыттың.
Тербеген самалы,
Бесігін бақыттың.
Өз елім менің -
Өзегім менің.
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
 
Қайырмасы:


Отан                                 
сөзі Дихан Әбіловтікі
әнін жазған Латиф Хамиди     
Отаным кең далам орманды,
Болаттан соғылған қорғанды.
Бақыттың, шаттықтың мекені,
Қолдаймын, қорғаймын ордамды.
Қайырмасы:
 
Туған жер – алтын таң,
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
 
Айдын көл, дархан ел, туған жер,
Жастарың жалынды жауынгер.
Жарқын жаз – үйрек-қаз жүзетін,
Күміс су, кең байтақ жасыл бел.
 
Қайырмасы:
 
Сәнді тау, бақша бау, шалқар көл,
Малға жай, кенге бай туған ел.
Тәтті күй, әсем би, сұлу ән,
Ойнайды ер, шырқайды ел, шаттық жел.
 
Қайырмасы:


Бейбітшілік сақталады  
 
әні   Әбілахат Еспаевтікі
сөзі Нұтфолла Шакеновтікі
 
Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік – ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар.
Бейбіт елдің біз ұланы.
 
Қайырмасы:
 
Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!
 
Қорғау үшін өмір көркін –
Бүгіннен де ертең нұрлы.
Болдырмаймыз  соғыс өртін,
Достар берік сапқа тұрды.


Ана туралы баллада
әнін жазған Жақсыгелді Сейілов
сөзі Аманжол Шамкеновтікі
 
Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айрылған аналардың жүрегі.
 
Қайырмасы:
 
О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге.
 
Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды ана күйеуінен айрылып,
Тұрды құшып тек қана оның күрегін.
 
Қайырмасы:
 
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дарқан дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Эй, адамдар, жол беріңдер анаға.
 
Қайырмасы:
 
Тағы да үміт, шек қала ма арманға,
Өмірге ынтық ана шөлі қанған ба?!
Ана - үміт, ана - жігер, ана - азамат,
Одан берік,одан нәзік жан бар ма?!
 
Қайырмасы:


Батыр баба Бауыржан
әнін жазған Жоламан Тұрсынбеков
өлеңін жазған Өтеген Оралбаев
 
Намысы найзағайдай шатырлаған,
Тайсалмай отқа кірген лапылдаған.
Жауыздың талқандаған тас қамалын,
Бауыржан - батыр бабам,
                      батыр бабам - Бауыржан!

Қайырмасы:
 
Шыққан тегі дауылдан,
Алғыс алған қауымнан,
Қаһарманы қазақтың -
Момышұлы Бауыржан!
 
Киелі қолындағы алтын қалам,
Ерліктің семсеріндей жарқылдаған.
Айналған ұрпағының ұранына,
Бауыржан - батыр бабам,
                      батыр бабам Бауыржан!
 
Қайырмасы:
 
Тұмары ұлтымыздың үлгі алатын,
Атынан бастау алды жыр қанатын.
Егемен елі оны қастерлейді,
Бауыржан - батыр бабам,
                      батыр бабам - Бауыржан!


Қызыл сұңқарлар
әні Әсет Бейсеуовтікі
сөзі Оспанхан Әубәкіровтікі

Октябрьде құрыш қайрап,
Оққа мінген құрыш қайрат.
Ақ дәуірдің қырандары,
Батыр елдің ұрандары,
Алға, комсомол - қызыл сұңқарлар.
 
Қайырмасы:
 
Арманы биік қол жетпестей,
Сапары ұзақ жол жетпестей.
Ерлігі ұшан-теңіз,
Мың ғасыр дастанындай.
Жас болып мәңгі жаса,
Елімнің аспанындай.
 
Бірлігіңнен құз құлаған,
Достығың бар мызғымаған.
Партияның тіректері,
Дауылпаздар түлектері.
Алға, комсомол - қызыл сұңқарлар.
 
Қайырмасы:


Домбыра туралы баллада
әні Кеңес Дүйсекеевтікі
сөзі Шөмішбай Сариевтікі
 
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің,
                   жүрегінің,
                                     жүрегінің дүрсілі -
Күмбірлеген домбырасы барында.
 
Қайырмасы:
 
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
 
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі,
              үзіледі,
                            үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
 
Қайырмасы:
 
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын,
                         армандарын,
                                                  армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
 
Қайырмасы:
 
  
Сәлем саған, туған ел
әні Кеңес Дүйсекеевтікі
сөзі Шөмішбай Сариевтікі
 
Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан.
Баян-сұлу, Жібектей,
Төлегендей түлектей,
Ұл-қызы бар елімнен,
Жұлдызы бар жерімнен.
Сәлем саған,туған ел!
 
Қайырмасы:
 
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір. түні бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Арманы бір, сыры бір,
Сәлем саған, сәлем саған, туған ел!
 
Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралғандай ел, жыр үшін,
Сырда сұлу - күрішім,
Қырда бидай - ырысым,
Миллиардтай алтын дән,
Миллиардтай бар тұлғам,
Жыршы, жырау салтымнан,
Әнші, күйші халқымнан,
Сәлем саған, туған ел!
 
Қайырмасы:
 
Туған бақыт тағы алдан,
Таңы нұрдан жаралған,
Байқоңырдан ғарышқа,
Қанат қаққан сан арман,
Қазақ деген даламнан,
Әруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, туған ел!
 
Қайырмасы:


Сарыарқа
 Ш. Сариев
 Сағынышты Сарыарқам кенді аймағым,
Туған жерім шұрайлы бал қаймағым.
Ел бағына жаралған кең өлкемнің,
Күй құшағын тербеткен, ән қойнауын.
Сағынышты Сарыарқам кенді аймағым.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Сарыарқа,
Қайда жүрсем сағынышым,
Туған өлкем — ән-күйдің тәңірісің.
Жазиралы даламыз жаралғандай,
Сенің салған, Сарыарқа, әнің үшін.
 
 Баянауыл, бір шеті Қарқаралым,
Қайсыбірін өлкемнің айта аламын.
Бәрі сыйған бір ғана Сарыарқа,
Сарыарқам деп толғанып, қайталадым. 2 рет
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
 Туған өлкем, гүлді өлкем бар осындай,
Қымбат маған көзімнің қарасындай.
Қазағымның Сарыарқа егіз аты,
Домбырамен үндескен даласындай. 2 рет
 
Қ а й ы р м а с ы:



                                   

Ән - көңілдің ажары » Патриоттық әндер »