Аналарға арнау /Естеу Нүсіпбеков/ - құттықтау
Аналарға арнау /Естеу Нүсіпбеков/
Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Естеу Нүсіпбеков
Анама » 8 наурыз » Соңғы қосылған дүниелер »