Берік Садырдан - құттықтау
Берік Садырдан
- Әке, сіздер коммунизмнің белсенді құрылысшылары болыпсыздар ғой?- Болдық, сосын құрылыс материалдары жетпегенсін – қойдық...
- Мына басыңдағы ісік пе?
- Кеше сатыдан құлап қалып едім. Дәрігерге көрініп келе жатқан бетім.
- Иә, дәрігер не дейді?
- Басыңда миың болмағаны жақсы болды, болмаса шайқалатын елі, - дейді.
- Үйсіз қала, сусыз өзен-көл, Талшыбықсыз ну орман қайда болады?
Географиялық картада.
- Кімнің алдында елдің бәрі бас киімін шешуге мәжбүр болады?
- Шаштараздың алдында.
- Балықтың қай түрі ең бағалы болып саналады?
- «Алтын балық».
- Байқамай қасығың мен шанышқыңды жұтып қойдың. Не істеген абзал?
- Тамағыңды қолмен жеуге тура келеді.
Үйіне кіріп келген күйеуіне әйелі:
- Балаң күннен-күнге өзіңнен аумай бара жатыр, - дейді.
- Балам, бері кел! Бүгін тағы не бүлдірдің?
Армян радиосынан сұрайды:
- Суға батып бара жатқан шенеунікке жіптің қай ұшын берген дұрыс?
- Екеуін де...
Таңертең жұмысқа келдім. Сырт киімімді шешіп, ілгішке ілдім. Компьютерді қостым. Бірақ интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.
Футболист күнделігінен:
«10 тамыз. Кеше топ бастаушылармен 2:2 есебімен тең ойнадық. Мен 4 доп соқтым.
Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »