СМС-әзіл-қалжыңдар - құттықтау

СМС-әзіл-қалжыңдар

СМС-әзіл-қалжыңдар
Ееее, сорлы. Сен мына смс-ты оқып отырған кезде мен сенің сүйіктіңмен қыдырып жүрмін. Сәлеммен, жолы болғыш жігіт.


Мына смс үшін сіздің балансыңыздан 100 теңге алынады. Рахмет, бірақ бұл өте аз. Смс-ты тағы бір жауып ашсаңыз бола ма?


Тентек баланың әкесіне: балаңыз ауырып қалған ба? Ешкімді мазаламайды, қасындағыларға тиіспейді, қыздарға ыржыңдамайды.


Саған жаным ашығандықтан, хабарласып отырмын. Бір адам күшті әсер ететін дәрі беріп қойды. Сондықтан алысқа шықпа.


Мен өзгепланеталықпын, сіздің ұялы телефоныңызда тұрамын. Дәл қазір сіз саусақтарыңызбен кнопкаларды басқан кезде мен одан ляззат алып жатырмын. Сізге де ұнағанын сөзсіз. Мен сіздің жүзіңіздегі күлкіңізден түсініп тұрмын.


Әй, кнопкаларды қатты баспасаңшы терлеп кеттім ғой, қолыңды әрі тарт, түк көріп тұрған жоқпын.


Егерде жігітті орманға жіберсе, ол 3 келі жидек жинайды, ал қыз бала 5 келі жинайды, бірақ екеуін бірге жіберсе олар 8 келі жидек жинайды деп ойлауға болмайды.


Құттықтаймыз! Сіз лоторейден сыған қызын ұтып алдыңыз! Егерде сыйлығыңызды 14 күннің ішінде алып кетпесеңіз, біз сізге бүкіл таборды жібереміз.


Мен саған түнде келіп, көрпеңнің астына кіремін. Ең тәтті жеріңді тауып алып жаныңды шығарамын. Сенің зиянды масаң.



Әзіл-қалжың » Соңғы қосылған дүниелер »