Телефоннан айтылатын қалжыңдар - құттықтау

Телефоннан айтылатын қалжыңдар

Телефоннан айтылатын қалжыңдар:
Кез келген нөмірді тересіз:
- Алло, су жіберетін құбырлар қызметінен телефон соғып тұрмыз. Бүгіннен бастап суық және ыстық су беру тоқтатылады, сондықтан шелек, шәугім, қазан және ванналарыңызға су толтырып алыңыздар.
- Алдын-ала ескерткендеріңіз үшін рахмет.
- Біз барлығына хабарлап жатырмыз...
(Жарты сағаттан кейін тағы хабарласасыз):
- Алло, Сіз ваннаңызды суға толтырдыңыз ба?
- Иә...
- Енді барып қағаз кеме жіберсеңіз болады!


Түнгі сағат үште. Телефон шырылдайды:
- Алло! Сіз ұйықтап қалған боларсыз?
- Әрине, ұйықтап жатырмын!
- Онда ғафу етіңіз, таңертең хабарласайын.


- Алло! Болат бар ма?
- Ондай адам мұнда тұрмайды.
Қайтадан хабарласады:
- Алло! Болат бар ма?
- Ондай адам мұнда жоқ деп айттым ғой.
Қайтадан хабарласады:
- Алло! Болат әлі келмеді ме?
- Мынау ұқпайтын адам екен. Болатыңмен қоса....
Біраздан кейін:
- Сәлеметсіз бе, мен ғой Болат. Маған ешкім хабарласқан жоқ па?


Түннің бір уақытында телефон шаласың. Тұтқаны көтереді. Сен ұйқылы дауыспен:
- Әлі ұйықтаған жоқсың ба? Ұйықта қане.



Әзіл-қалжың » Соңғы қосылған дүниелер »