"Қыз қала" ұлттық ойыны - құттықтау
"Қыз қала" ұлттық ойыны
қосқан Ботагөз Сәдібек«ҚЫЗ ҚАЛА» - қазақтың ұлттық ойыны. Атастырылған «күйеу» мен «қалыңдықты» жақындастыру мақсатында ойналады. Жастар қол ұстаса шеңбер жасап, ішіне «қалыңдықты» сыртына «күйеу жолдасты» қалдырады да, қыз қашып, жігіт қуады. Шеңбер жасаушылар не қызға, не жігітке «жанашырлық» көрсетіп, не шеңберден өткізіп, не ұстап қалу арқылы ойынды қыздыра түседі. Егер «күйеу жолдас» «қалыңдықты» ұстаса, оны «күйеуге» апарып береді.
Ойын-сайыстар » Соңғы қосылған дүниелер »