Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер - құттықтау
Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер
Бір күні Темірлан Қожанасырмен әңгімелесіп отырып, Қожекеңнің шапанының бір кішкентай жыртық жерін байқап, соған саусағын тығып айналдыра береді. Жыртық ұлғая түседі. Әңгіме желісімен Темірлан:- Қожеке, осы адам баласының ақылы кемігені қай уақытта білінеді? – деп сұрайды.
- Бәлкім, жанында отырған адамның шапанын саусағымен тескен заманда болса керек, - жеген екен Қожа.
Есегім көрінбей ме?
Бірде Қожанасыр өзінің мініп жүрген есегін жоғалтып алады. Онысын өзі жаяулатып іздеп жүреді. Бір кезде ашық тұрған қораны көреді де, солай қарай тарта жөнеледі. Қораға кіріп, ішін аралап жүргенде, бір қыз бен жігіттің сүйісіп тұрғанын байқап қалады. Жігіт өзінің қызына:
- Мөлдіреген көздеріңнен дүние көрінеді! – деп айтады. Сол уақытта Қожа атып шығып:
- Менің есегім көрінбей ме? – десе керек.
оқырман Саяттың қосқан әңгімесі
Бір күні Қожанасырдың сағаты аяқ астынан бұзылып, жүрмей қалыпты. Қожекең сағатты әрі сілкілеп көреді, бері сілкілеп көреді. Сағат жүрмейді. Міз бақпай бір орнында тұрып алады. Содан ол: "бұған не болды екен?" деп сағатты ашып көреді. Сөйтсе ішінде бір шыбын өліп жатыр екен. Сонда Қожанасыр басын шайқап; "Неге жүрмейді десем, бұл пәтшағардың шопыры өліп қалған екен ғой!" депті.
Бірде Қожанасыр бір үлкен ағаштың астында демалып жатып:
- Осы талда қанша жапырақ болса, менің сонша малым болса ғой шіркін, – деп ойланып, қиялдаса керек. Оны бір көршісі естіп қойып:
- Қожеке, сонша малыңыз болса, менімен бөлісер ме едіңіз? – депті. Сонда Қожанысыр:
- Ой, біреудің мал-мүлкіне ортақтасқанша, басқа тал тауып алмайсың ба? – дейді.
Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »