Науқас пен Дәрігерлер туралы күлдіргі әңгімелер - құттықтау

Науқас пен Дәрігерлер туралы күлдіргі әңгімелер

Хирург Қойлыбай балаларды сүндеттеп жүрсе керек.
         - Осы аптада мына бала жиырма бірінші болады, - депті дәрігер кезекті операциядан соң айналасына ризашылықпен қарап. Сонда еңбекшілік Оразхан деген жігіт:
         - Бір табақ ет болды десеңізші – деп күліпті. /Ермахан Шайыхұлынан/
- Мына басыңдағы ісік пе?
- Кеше сатыдан құлап қалып едім. Дәрігерге көрініп келе жатқан бетім.
- Иә, дәрігер не дейді?
- Басыңда миың болмағаны жақсы болды, болмаса шайқалатын елі, - дейді.


Дәрігер науқастан:
- Төсекке жатқанда тез арада ұйықтап кетесіз бе? – деп сұрайды.
- Үшке дейін санаймын да ұйықтап кетемін.
- Үшке дейін-ақ па?
- Кейде таңғы төртке дейін.....


Дәрігердің бөлмесіне науқас кіреді:
         - Геморрой!
         Дәрігер:
         - Шалбарыңызды шешіңіз (Шешеді).
         - Еңкейіңіз! (Еңкейеді).
         - Ешқандай да геморройыңыз жоқ!
         Науқас:
         - Жоқ, менің тегім – Геморрой! Негізінде азу тісім ауырады.
         - Онда маған несіне келдіңіз? Мен стоматолог емес, проктологпын!
         - Білмей қалдым...
         Дәрігер:
         - Онда неменеге шалбарыңды шешесің? – деп сұрапты.
         Сөйтсе науқас:
         - Қайдан білейін! Сізді тісімнің түп-тамырын қарайтын шығар деп ойладым, - деген екен.


  Емханада:
         - Бір операцияға 10 мың доллар тым көп емес пе?
         Мен бала-шаға асырап отырған адаммын ғой.
         - Біз де бала-шағамыз аш отырмасын деп жүрміз ғой.


 - Иттің инфаркт алуы мүмкін бе?
         - Егерде оған адамға жасаған жағдайды жасасаң, әбден мүмкін.


         - Дәрігер мен есте сақтау қабілетімді жоғалтым-ау деймін.
         - Қай уақыттан бастап?
         - Былтырғы жылдың 14 наурызында сегізден он бес минут кеткенде. Ол күн жексенбі болатын.


Ауру адамды моргке апара жатыр.
- Мен әлі өлген жоқпын.
- Біз де әлі жеткен жоқпыз.


Көшенің ортасын қиып өтем деген бір итті көлік қағып кетеді. Бірақ ол итің көлік қаққаннан бірден өлмепті. Біріншіден, қатты келе жатқан көліктің күшінен кері ұшып, электр бағанына ілініп қалыпты. Итті тоқ ұрып өлді деп ойлап отырған шығарсыздар. Олай да емес. Бағаннан – балконға, балконнан – кранға, краннан – тасқа, тастан қайтадан бағанаға ұшып бара жатқан жерінен иесі көріп қалып, «қиналып өлмесін» деп басынан таспен бірақ ұрды. Алайда иттің өліміне иесі әлгі көліктің жүргізушісін кіналайды.


         Дәрігер науқасқа:
         - Сіз кеше ұйықтар алдында менің айтқанымды жасадыңыз ба?
         - Иә, бірақ 98758962- ге дейін ғана санай алдым.
         - Осыдан кейін ұйықтап кеттіңіз бе?
         - Бұл кезде тұратын уақыт келіп қалды емес пе?


Бір жігіт жұмақта ішек-сілесі қатып күліп отыр. Одан періштелер сұрайды:
         - Сен неге мәзсің деп?
         - Хирургке күліп отырмын, мен әлдеқашан өліп қалдым, ал ол маған әлі операция жасап жатыр.


Дәрігерге науқас келіп:
         - Доктор менің ішім ауырып тұр.
         - Арақ ішуші ме едің?
         - Ішемін, бірақ түк көмектеспеді.


Дәріханаға бір келіншек келіп:
         - Маған адамды жүдететін  әрі арзан, әрі сапалы дәрі керек еді. Сіздерде бар ма?
         - Бар.
         - Пластырь.
         - Оны қалай қолданады?
         - Аузыңа жапсырып қоясыз.


 - Апа бүгін бізге дәрі екті.
         - Қызым, сен жыламаған шығарсың?
         - Жоқ, апа, олар мені қуып жете алған жоқ.


- Дәрігер, алмамен арықтайтын диетаның көмегі болмады ғой?!
- алманы жусыз ба?
- иә.
- онда жумай жеп көріңізші.
 

Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »