кемпір-шалдар жайлы күлдіргі әңгімелер - құттықтау

кемпір-шалдар жайлы күлдіргі әңгімелер

90-нан асқан шал төсек тартып қалады. Орнынан тұрмай қойыпты, бала-шағаның да шулағанына құлақ аспапты. Сонда баласы әкесінің құрдасын шақырып алады. Әкесінің құрдасы келіп, жатып алған досының қасына отырып:
         - Ә...Жатырмысың...Жат, жата ғой, әй, Құрманбай, ананы қара, қыздар кетіп бара жатыр десе...
         Жатқан шал:
         «Қане?» - деп басын көтерген екен...


Біздің ауылда шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:
         - Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті. Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі: «Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме?» - деген екен.


Бірде тойда дастархан басына голубцы әкелді. Қасымдағы апа: «жақсы тамақ екен, үйдегі келінге пісіртіп жейін десем, аты орысша екен, қазақшалап бересің бе» дегені. Содан: «апа, анау тұрған бұрыш, ішіне тыққан күріш, қасындағысы капуста, ішіндегісі закуска» дей салдым. Естіген жұрт қыран топан күлкіге батты.


Немересі атасынан сұрайды екен?
 -Ата, сен жас кезіңде футбол ойнадың ба?
- Ойнадым. Допты басыңмен ұрған кездерің болды ма?
- Ооу, болды ғой, мен қатты ұратын едім
- е, сол екен ғой, басыңызда түк тұрмайтыны.


Бірде шал мен кемпір жас күндерін еске түсіріп, саябақта қыдырып жүрсе керек. Айнала толы – жас қыздар мен жігіттер.
         - Әй кемпір, осылардай кезімізде қайтушы едік, - деп кемпірін құшағына қысып алып, сүйе кетеді. Осы сәтте олардың қасына келген тәртіп сақшысы:
         - Қоғамдық орында тәртіп сақтамағандарыңыз үшін айыппұл төлейсіздер. Ата, сізден – 500 теңге, сізден апа – 1500 теңге.
         Бұған ашуланған шал:
         - Бәрін бастаған - мен, сондықтан да айыппұлдың ең көбін мен төлеуім керек қой.
         - Кешіріңіз, ақсақал, мен сізді бірінші рет көріп тұрмын, сол үшін де аз төлейсіз. Ал бұл кемпір осымен үшінші рет көзге түсіп отыр...



Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »