қылмыскерлер, сот, полиция қызметкерлері туралы күлдіргі әңгімелер - құттықтау

қылмыскерлер, сот, полиция қызметкерлері туралы күлдіргі әңгімелер

Сот:
        - Айыпкер, сіз бір дүкенге үш рет ұрлыққа түсуіңіздің себебі неде?
        Айыпкер:
        - Бірінші мәрте әйеліме көйлек алдым. Одан кейін әйелім  "көйлекті ауыстырып кел!" деп екі рет жұмсады. Бітті! Бар болғаны осы....


- Сен сәнмен айналысатын болғансың ба? – деп сұрайды бірінші ұры сән журналын ақтарып отырған екінші ұрыдан.
- Әрине, мен енді жаңа киімдердің қалталары қай жерінде болатынын білуім керек қой!


- Бауырым сағат аласың ба? Міне, қарашы, швейцариялық сағаттың таза көшірмесі.
- Алсам, алайын. Ал мынау сізге.
- Бұл не?
- Бұл - біздің теңгенің таза көшірмесі.


Түннің ортасында екі жігіт келе жатады. Алдарынан бұзақылар шығады да пышақ көрсетіп:
         - Ақша, алтын, бағалы заттар болса, шығарыңдар, - дейді.
         Сонда әлгі жігіттердің бірі жанындағы жолдасына:
         - Мен саған 300 доллар қарыз едім ғой. Міне, куәгерлердің көзінше қайтарамын, - депті.


Сот залында:
- Сіз мына кісінің туысқанысыз ба?
- Иә, бірақ біздің арамыз аса жақын емес. Біз бір үйде 15 бала өстік. Бұл кісі үйдің тұңғышы болса, мен – кенжесімін.


- Алло! Полиция ма? Мен шағымданайын деп едім. Бірнеше күннен бері менің үйіме қорқытып жазылған хаттар келуде.
         - Мм... Кімнен екенін білесіз бе?
         - Нақты кімнен екенін айта алмаймые, бірақ қол қойылған.
         - Кімнің қолы?
         - Салық комитетінің бастығының...


Ауыл. Түн іші. Біреу есік қағады:
         - Сізге отын керек пе ?
         - Жоқ.
         Таңертең үйдің иесі есік алдына шықса, біреулер қысқа деп дайындаған отынды үндеп кетіпті.


Екі еркектің әңгімесінен:
- Сенесің бе, мен ұлымның сөмкесінен бір пакет анаша тауып алдым.
- «Ұрлық түбі – қорлық» деген бар ғой.
- Бесіктен белі шықпаған ол әлі 5 – сыныпта оқиды емес пе? Әлден үйден зат ұрлайтын болыпты.


Бір шетелдің қылмыскерден жергілікті тергеушілер жауап алып отыр:
         - Алтынды қайда тықтың?
         Аудармашы:
         - Алтынды қайда тықтың?
         Қылмыскер:
         - Айтпаймын!
         Аудармашы:
         - Ол айтпайды!
         Тергеуші:
         - Егер алтынды қай жерде екенін айтпасаң, біз сені өлтіреміз!
         Аудармашы:
         - Алтынның қай жерде екенін айтпасаң, олар сені өлтіреді!
         Қылмыскер:
         - Алтынды үйдің алдына көмгенмін.
         Аудармашы:
         -  Атыңдар, оңбағандар,бәрібір айтпаймын!!!


Сот:
         - Неге сіз бұл көлікті ұрладыңыз?
         Айыпкер:
         - Ешкім о дүниеге мал-мүлкін алып кетпейді. Бұл көлік бейіттің жанында тұр екен. Сосын оған оның керегі жоқ шығар деп ойладым.




Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »