тұсау кесу салты - құттықтау

тұсау кесу салты

Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төсейік.
Жарылқасын алдыңнан.
Тұсауыңды кесейік!
Тұсауыңды кесейік!
Күрмеуіңді шешейік.
 
Баланың тұсауын кескенде: - Күрмеуіңді шешейік; Тұсауыңды кесейік. Ала жіпті алайық, Әжеңе алып барайық. Ер жетті деп айтайық, Шашуын жеп қайтайық. Қаз-қаз балам, қаз балам, Қадам бассаң мәз болам. Тағы-тағы баса ғой, Тақымыңды жаз, балам, Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың!
 
 
Бала алғаш отырғанда: - Отырсын балам, отырсын, Құшағын гүлге толтырсын.
 
Бала алғаш жүргенде:
- Тәй-тәй балам, тәй балам, Жүре қойшы жәй балам. Қарыс сүйем қаз бастың, Қадамыңнан айналдым.



Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » Тұсау кесу »