Қыздың құлағын тесу - құттықтау
Қыздың құлағын тесу
Құлақ тесуҚыздың құлағын тесу-дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналған. Құлақты уқалап жанын кетіріп қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен тескен. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалаған. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізген. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді екен. Мүмкін мұның да себебі болған шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар... Халық ұғымында «қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей» деген қағида бар.
Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер »