Алтыбақан - құттықтау

Алтыбақан

         Алтыбақан – ұлттық ойын болғанымен оның салт-дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары тұр. Көпшілік ауылдың қыз-жігіттері аулақтау жерге алтыбақан құрып ойын-сауық жасайды. Бұл жастардың өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады. Әншейінде «қызға қырық үйден тыйым» дейтін қазақтың қыздарын алтыбақанға жібермеуге хақы жоқ. Алтыбақанда жастар ән салып, түрлі ойын ұйымдастырып, түн ортасына дейін сауық жасайды.



Әдет-ғұрыптар » Соңғы қосылған дүниелер »