Арқан керу - құттықтау

Арқан керу

         Ауыл өмірінде ертеден келе жатқан ежелгі дәстүр. Оның екі түрі бар. 1) Құда келгенде немесе келін түскенде олардың алдынан арқан керіп, әйелдер кәдесін алады. Кәденің түп төркіні, жаңа құдалар мен жас келіннің жолы ашық әрі пәле-жаладан, түрлі кедергілерден аман болсын деген таза ақ көңіл, ақ ниеттен шыққан.
         Қазақта «арқан аттама», «арқан ұрлама», «есіліп жатқан арқан астынан өтпе» деген тыйымдар әдептілік пен тәлім-тәрбиенің тәртіптің жолын білдіреді. 2) Малды ауылдың мал қотанының сыртынан арқан керіп қоятын ырымы болған. Халық ұғымында қыл арқанның киесі бар, оны ит-құс аттап өте алмайды деп сенген. Сапарда далаға қонған адамдар да жатар жерін қыл арқан немесе шылбырмен қоршап жатса қоршаудан жылан, шаян, бүйі, қарақұрт өтіп келмейді деген ұғым бар.



Үйлену салт-дәстүрлері » Әдет-ғұрыптар » Соңғы қосылған дүниелер »