Ауылдың алты ауызы - құттықтау
Ауылдың алты ауызы
Тойда, ойын-сауықта, қонақ кәде сұрағанда, көбінесе, алыстан келгендер «ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді,» әуелі өздеріңіз бастаңыздар» деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл «жол өздеріңізден,өнер,өлең ауылдан басталсын» деген сөз. Сөйтіп өлең ауыл өнерпаздарыңыздан басталады. «Ауылдың алты ауызы» дегеніміз осы. Бұл өлең табан астында суырып салып айтылуы немесе бұрыннан таныс өлең, жыр түрінде орындалуы мүмкін. Мұның ән, әуені де әр түрлі болады.ауылдың алты ауызы өнерлі жастарды топ алдына шығаруға, олардың халыққа танымал болуына игі әсер еткен.Салт-дәстүрлер » Әдет-ғұрыптар »