Әмеңгерлік - құттықтау
Әмеңгерлік
Халқымыздың бұрынғы салты бойынша күйеуі қайтыс болғанда оның жесірі жас болса «ерден кетсе де елден кетпек жоқ», «аға өлсе іні мұра» деген қағидамен, әмеңгерлік жолмен күйеуінің аға не інісінің біреуіне өзінің таңдауы бойынша тұрмысқа шығады. Бұл дін жолымен әлеуметтік маңызы бар. Біріншіден, әйел де, оның балалары да туыс-туғанынан бөлінбейді, ру, ел қауымдастығында бірге тәрбие алады. Өмірде, тұрмыста қағажу, қиындық көрмейді. Екіншіден, жесірдің кетуі сол елге үлкен мін саналған. Егер әйел тиісті әмеңгеріне шықпай, басқа біреуге шығатын болса, бұрынғы күйеуінің мал-мүлкінен үлес ала алмайды, өз төркінінен келген мүлкімен ғана кете алады . Мұны қазақша «іргеден шығару» дейді.Үйлену салт-дәстүрлері » Әдет-ғұрыптар » Соңғы қосылған дүниелер »