Парасат - құттықтау

Парасат

 
Қуанышты еселі етсін Тәңірім,
Қызықты тек өте берсін өмірің.
Шаңырағың толы болып шаттыққа,
Өсіп-өнсін ұрпақтарың-тамырың.
 
Тілек еттім  алғы күннің ажарын,
Сарқылмасын Өмір-өзен, базарың.
Абыройың арта түсіп үнемі,
Хақ-тәңірі көрсетпесін азабын.
 
Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,
Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.
Беделің де артсын ылғи ортада,
Еңбегіңмен алда өсіп-өне бер.
 
Құтты болсын мерейтойың, белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып, жасыңа жас қосылсын,
Алла жазса, талай тойды көресің!
 

 Елуге келдің ағасың
Алтынды тонға жағасың.
Аяулы жанның бірісің,
Осалы емес ірісің.
 
Қартайма, аға, қартайма,
Қуатың кеміп, ортайма.
Көретін қызық көп болып,
Ұлассын тойың зор тойға!
 

Ердің жасы 50 – ге келіп тұрсыз,
Шынардай шың басына шығып тұрсыз.
Кернеген бойыңдағы күш – қуатты,
Егемен еліңізге беріп тұрсыз.
 
Күш – қуат әлі дағы арта берсін,
Жүрегіңіз жақсылықты сарқа берсін.
Денсаулық жақсы болып әрқашанда,
Жасыңыз 100-ге дейін жете берсін.
 
Отбасы аман болып, бала-шаға,
Солармен кенеліңіз тамашаға.
Көгілдір көк аспанды елімізде,
Сіздердей ардақтылар жарасады!
 

 50 деген ердің жасын еңсеріп
Еңбегіңмен Сен келесің тер төгіп,
Армандардың аттанғанда шыңына
Қызыр өзі болсын саған жолсерік.
 
Отбасының берекесін қамдаған,
Бар өмірін жақсылыққа арнаған,
Сендей жанға Алла өзі дем беріп,
Қиын кезде қуат беріп қолдаған.
 
Құтты болсын қуанышты той күні,
Саған шуақ шашсын Күн мен Ай нұры,
Әрбір күннің мерекеге айналып,
Ұрпақтарың көрмей өссін қайғыны.
 

 Ел үшін еттің еңбек, аянбадың,
Сол жолдың бар бақытын баяндадың.
Жарқырап, ұл-қыздарың – жұлдыздарың,
55-ке аппақ  Айдай аялдадың.
 
Қиындықпен күресетін бала үшін,
Аямаған ұрпағы үшін бар күшін.
Ұл мен қызы қол жеткізсе биікке,
Одан асқан бар ма бақыт әке үшін?!
 
Таси берсін, бақ дәулетің ырысың,
Ел таныған азаматтың бірісің.
Қуанышыңды ел-жұртыңа паш еткен,
Аман болсын бала-шаға – тынысың.
 
Бағың тасып , мал-дәулетің өрлесін,
Бір бақытты құдайым көп көрмесін,
Сізге деген сырлы жырды ақтардық,
Қуанышпен басып жүрек пернесін.
 

 Жаны жайсаң, көңілі дархан азаматымызды 60 жасқа келген күнімен құттықтаймыз. 60 жас – адамның кемеліне келіп, алдыңғы толқын ағаларының ізін басып, кейінгі толқын інілері құрмет көрсетіп, ілтипат танытатын, ұл-қыз өсіріп құда-жекжатты болып, немере сүйіп, өрісі кеңейіп, өркені өскен беделді кезеңі. Осындай мерейлі жасқа келген .... ағамызға  тірлікте тұғырыңыздан таймай, әлі де талай асуларды табандылықпен алып, келер қиындықтарды қажырлықпен жеңіп, алға қойған мұраттарыңызға сүрінбей жете беріңіз демекпіз. Асыл жарыңыздың, ұл-қыздарыңыздың қызығын молынан көріңіз, алып мәуелі бәйтеректей жапырақ жайып, өркендей беруіңізге тілектеспіз!
 

 60 жасқа толған апамызға
 
Бүгінгі күн - бөлектеу күн, маңызды,
Маңыздысы - бүгін туған жан ізгі!
Алпыс мәрте Күнді айналған жұмыр Жер,
Сізге бақыт тілеп тұрған тәрізді.
 
Ренжітпей үлкенді де, кішіні –
Жүрегімен түсінетін кісіні.
Мынау өмір жұмақ болып кетер ед,
Сіздей болса бар адамның пішіні.
 
Қарапайым қалпын сақтап биіктік,
Ұл – қызы мен отағасын иітіп.
Ана болып, пана болып отырсыз,
Бір әулетті ұйытқыдай  ұйытып.
 
Сізге қарап бой түзейді қыздар да,
Сіз күлгенде ерімейтін мұз бар ма!
Иман бар деп, иба бар деп иланам,
Ортамызда күлімдеген сіз барда.
 
Бүгінгі күн – бөлектеу күн, маңызды,
Маңыздысы – бүгін туған жан ізгі!
Төбеңізге Құдай келіп,шашу қып,
Аппақ нұрын шашып тұрған тәрізді.
 

 Ел үшін еңбек еттің, аянбадың,
Сол жолдың бар бақытын баяндадың.
Жарқырап, ұл-қыздарың – жұлдыздарың,
Алпысқа аппақ Айдай аялдадың.
 
Аңқылдап қуана бер, ақтарылып,
Басыңа жарқырасын бақ та күліп.
Әке болдың асқар тау – тұғырыңда,
Ата бол, алпыс жаста атқа мініп.
 
Немерең топтан озып, бәйге алғанда,
Шөберең аспандағы айды алғанда.
Тағы да дүркіретіп той жасармыз,
Өзіңіз абыз шалға айналғанда.
 

Желіп шық 70 жастың желкесіне,
Шаттықтан шалқи берсін шаңырағың.
 

 60 жас мерейтойың құтты болсын,
Дос-жаранмен әрқашан орта толсын.
70, 80, 90 мен 100-ге жетіп,
Басыңызға Қызырдың бағы қонсын.
 

  Бірімізге аяулы ана, бірімізге асыл жар, енді бірімізге қадірменді әже  ................. 60 жастың асуына шығып отыр. Осы бір өзімізге қымбат та сүйікті адамымызды мерейлі жасымен құттықтап, шын көңілден ақтарылған ізгі ниеттерімізді арнағымыз келеді.
Деніңіз сау, отбасыңыз аман, ғұмырыңыз мәнді де сәнді болсын. Шаңырағыңыздан шаттық  үзілмесін деген тілек айтқымыз келеді.
 
Жаныңыз жаз, шуақ сепкен жүрегіңіз,
Бір әулеттің ұйтқысы бір өзіңіз.
Ақылшы боп, ана боп, пана болып,
Жүзге жеткін осы біздің тілегіміз.
 
Алпыста да қуатың арындасын,
Келдік біз өзіңізді сағынғасын.
Тәңір берген ғұмырды жасай бергін,
Бақ-дәулет шаңырақ арылмасын.



Туған күнге тілектер » Парасат (49-61) »