Қарттарға тілектер - құттықтау
Қарттарға тілектер
Ақ айдынға салып бақыт кемесін, Жарқын жүзбен қуанышпен келесің, Құтты болсын жетпіс бесің, әжетай, Өзіңізді бір құдайым демесін. Бәйтерексіз жапырағы жайқалған, Барша жұртқа жақсылығың байқалған. Есен болсын ұрпағыңыз көрінген. Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен, Бақ орнасын әрдайым басыңызға. Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,Отбасына қуаныш сыйлап талай, Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
75 жас туған күнің құтты болсын,
Өміріңіз шаттық пен нұрға толсын. Қызықты күндеріңіз арайланып, Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын.
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп, Аман-есен ортамызда жүріңіз! Мерекең ұзағынан бола берсін, Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!
Әжетай, мейірің көп таңдандырған, Біз үшін қиындықтан шаршамаған. Жылуын жүрегіңнің аямадың, Өзіңе борышы көп балалардың. Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін, Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың. Әжелеп жан-жағыңда жүре берсін, Бал тәтті немерелер-қызықтарың.
Туған күнге тілектер » Қарттық (73-тен кейін) »