Ұлықбек Есдәулет Асығыстық - құттықтау

Ұлықбек Есдәулет Асығыстық

Асығыстық  Ұ. Есдәулет
Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ – жетуге асығамыз,
Жете салып, кетуге асығамыз.
Таңда – бала-бақшаға асығамыз,
Түсте – алар ақшаға асығамыз,
Мүлт кеткенді тергеуге асығамыз,
Біреу өлсе – жерлеуге асығамыз.
Таныса сап, дайынбыз достасуға,
Амандассақ, қаяумыз қоштасуға.
Үйлене сап, жатамыз ажырасып,
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Жағаласып, сандалып, сабылысып,
Жүгіреміз қашанда алып ұшып.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
Әлде жүрегіміз кеткен бе сағатша озып.
Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз,
Осы біздер қай жаққа асығамыз?
                                              


Өлең - сөздің патшасы »