Достар - құттықтау

Достар

Достар!
Самарқау тірліктен безінгілерің келе ме?
Сезімнің не екенін сезінгілерің келе ме?
Түн сайын таусылмас қиялға беріліп,
Таң алдында ғана көз ілгілерің келе ме?
Бал шарап ішкендей батылданғыларың келе ме?
Жақсылық атаулыға жақын қонғыларың келе ме?
Барлығы осыны бақыт деп білер,
Не керек, керемет ақын болғыларың келе ме?
Махаббат дейтұғын асқақ әнге сап,
Көктемгі дарияша тасып, толыңдар,
Басқа емес, мына, мына мен ұқсап,
Ғашық болыңдар, ғашық болыңдар!
                                             


Өлең - сөздің патшасы »