Қызғаныш - құттықтау
Қызғаныш
Қызғаныш Ф.ОңғарсыноваМен қайтсем екен?
Мынау денем өртеніп барады ысып,
Кетсем бе әлде сандалып арақ ішіп.
Менен гөрі бақытты-ау әркімдердің,
Итаяғын жалаған қара күшік.
Сенсіз өмір, өмір ме, құрсын бәрі,
Өлген артық мұнанда далаға ұшып.
Әлде сенің ызаңнан,
Қыз біткеннің барлығын қорласам ба.
Шашсам ба екен өмірді оңға-солға,
Бақ құсымды басқадан іздесем бе,
Бағыма сен бұлбұл боп қонбасаң да.
Біреулерге бір күндік бақыт болып,
Біреулерге қайғы боп орнасам ба.
Мынау қырсық дүние басар ма екен,
Қисық біткен аяғын оңға-солға.
Өлең - сөздің патшасы »