Әулеттің әні - ұлттың үні \қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан - құттықтау
Әулеттің әні - ұлттың үні \қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан
Әулеттің әні-ұлттың әні Қасиетті соқпағы бар,жолы бар, Дәстүр салтын сезінген жан сағынар. Тыңдай алсаң,ұға білсең егер де, Әр әулеттің өзіне тән әні бар. Айта алсын деп ұрпағына арнаған, Бұл кешегі бабалардан қалған ән. Бесігінен құлағына сіңді де, Мұрагер боп сосын ұрпақ жалғаған. Әуен емес ол шырқалар тосыннан, Тек сол әнмен бақыт жолы ашылған. Салған соны бабалар мен Әкелер, Айтқан соны-Аналар да қосылған. Сынығындай асылдардың өлең-дүр, Айт та соны әулетіңде елен бір. Жалқы болып шырқалмайды бұл әуен, Қос дауыста шырқалатын әуен бұл. Бар бойынан қасиет тек табылар, Сол әуеннен Дала заңы танылар. Тыңдай білсең,ұға білсең егер де, Әр әулеттің өзіне тән әні бар. Ол үзілмес атқан арай таң білем, Бұл әуеннен көрем асқақ арды мен. Шаңыраққа түскен келін сол әнді, Сіңіруге тиіс бойға алдымен. Содан ғана бір тазалық төгілер, Соныменен артады оған сенім ел. Әулет сазын ұқса келін жүрекпен, Сол арқылы ұрпағына берілер. Білінсінші Дала-дәстүр сазыңнан, Ол ғасырдан ғасырларға созылған. Өзге әулеттің әнін шырқау әуелден, Арулардың тағдырына жазылған. Санасына сіңсе егер ұлдың ән, Шаңырақта болмас дәстүр сырғыған. Жалқы болып шырқамайды мұны ешкім, Қос дауыста айтылады бұл бір ән. Дархан мінез дәстүріме ел таң қалған, Бастау көзін алған асқақ арманнан. Мәңгілік саз ақылымен Арудың, Бабалардан немере боп жалғанған. Отбасы ма-ол өзгеше бір әлем, Әр әулеттен өзінше саз ұғар ең. Жалғау керек,бұзбау керек нотасын, Үзілмеуге тиіс мәңгі бұл әуен! Өмір-өзен арнасында сыналар, Бұл бір әнді тек есті ұрпақ ұға алар. Біле білсең ұлттың симфониясы, Әулеттердің әуенінен құралар. авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласыӨлең - сөздің патшасы » Соңғы қосылған дүниелер »