Туған жер туралы өлеңдер: Әлібек Шегебай Туған жер - құттықтау
Туған жер туралы өлеңдер: Әлібек Шегебай Туған жер
Әлібек ШегебайТуған жер
Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,
Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.
Қалай ғана сүймейін,
қалай ғана,
Кіндігім мен кессе ол тұсауымды.
Сүйем оның құмын да, қыраттарын,
Сүйем оның қасиетті бұлақтарын.
Қалай ғана сүймейін,
Осы ауылдың
Бала кезде бір қызын ұнатқанмын!
Осы ауылда тербелген бесігім де,
Осы ауылда қойылған есімім де.
Араздасып қалғанда ара ағайын
Ақсақалы жүреді кешірімге.
Көріп өстім таң атып, күн батқанын,
Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын.
Қалай ғана сүймейін,
Бейіт болып
Осы ауылда жатыр ғой қымбаттарым.
Өлең - сөздің патшасы »