туған күнге - құттықтау

туған күнге

Осынау айтулы күні Сізге деген зор құрметімді білдіремін. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін!
 

Туған күн мерейлі істердің бастау күні бола берсін,
 бақыт пен береке әкелсін,                  
еңбекте табыс пен абырой тілейміз!


Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр,      отбасыңызға амандық пен бақыт , шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілеймін!
Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін!
 Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, бауырларыңның ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз
биіктей берсін!
 
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!


Осынау күні қаумалаған дос-жаран ағынан жарылып, 
ақ тілегін жаудырсын!
Сол тілектер орындалар күнді көрер жасқа жетуді жазсын!
Өзіңдей кең пейілді, дархан көңілді адаммен дәмдес болуды бұйырған жандардың шынайы ықыласын уақыт шыңдай түсіп, жасыңа жас қосылған сайын айналаңа тілектес,
ниеттес адамдар көбейе түссін!
Денің сау болып, баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілеймін Өзіңе!



Туған күнге тілектер » Жігіттік (25-37) »