Сүйінбай Аронұлы - құттықтау
Сүйінбай Аронұлы
Жақсы мен жаманның айырмасыЕр жігіт ел-жұртың қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жасы жігіт сөзінде сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай,
Жақсы парқы жаманмен бірдей емес,
Жақсы жігіт сеңсең тон жағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма-өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі – көр, көзі – соқыр
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай!
Нышаны кем болса да адамдықтың,
Әркім жүр жақсымын деп талсып-ай.
Жамандар - өтірікші,өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай.
Жақсы адам елдің ерке серкесіндей,
Халқының қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жылы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсының айтқан сөзі тиянақты,
Түйенің аумайтұғын өркешіндей.
Жақсыға үлкен кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей
Жақсы көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман»деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Жамандар өсек-аяң айтып жүрер,
өзінің білмегенсіп қылмысын-ай!
Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,
Ақылы ауысқан адамның жындысындай.
Екеуін салыстырып әдейі айттым,
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай.
Бата-тілектер » Өсиет »