Түйіндер - құттықтау

Түйіндер

Пенделіктен биік адам
Бәрінен де биік!
 
Күлімдесе, күлімде!
Түсі игіден түңілме!
 
Ақиқатпен айтыспа,
Абырой алмайсың!
 
Таң атпай тұрған
Ауаны Тәңірімен қатар жұтады.
 
Қамшы бас жарады,
Тамшы тас жарады.
 
Елдің еркесі болу оңай,
Серкесі болу қиын.
 
Елге еңбегің сіңбесе,
Еркелейсің кімге сен?!
 
Өмір - әңгүдік,
Өнер – мәңгілік.
 
Сөзбе- сөз аудара салу аз,
Әдеміні әдемірек қылып,
Құдіретті құдіреттірек қылып аудару керек.
 
Жаужүректі Жаратқан жебейді.
 
Қасыңның айтқанына да құлақ түр.
 
Алтын арандатады.
 
Бәрін де бүгінге бейімде,
Қалдырма кейінге!
 
Бұзылар күлкің,
Бұзылар құлқың.
Түбінде жетер,
Түбіңе құлқың!
 
Тентекке тән – ұрыну,
Тұлпарға тән сүріну.
 
Ұшсаң қиядан ұш,
Ішсең қайнардан іш!
 
Ұмытсаң ұмыт өлімді,
Ұмытпа бірақ тегіңді!
 
Етікшіні ақыл-ойы
Етікшінің бойындай болу тиіс пе?!
 
Әр жердің өз өсімдігі,
Әр батырдың өз осалдығы бар.
 
Арқан екі рет есілмейді,
Бір күнәға екі жаза кесілмейді.
 
Үміт – түлкінің құйрығы,
Қиял – күлкінің жүйрігі.
 
Біреудің күні батқаны –
Біреудің таңы атқаны.
 
Пенденің бүкіл байлығы,
Парасат пен махаббат қана.
 
Дүние күйіп кетсе де,
Күнәлі жазасын тартуға тиіс.
 
Өсекті елден бұрын тарататын
Өмірем қапқыр кісілер.
 
Әділетсіздер қабілетсіздерден шығады.
 
Дарынды желеп-жебеген,
Құдайдың қолын демеген.
 
Әдеттерімен анайы
Күлкі болмай ма ағайын?!
 
Қабілетті қызмет етсін,
Әділет билесін!
 
Ғашық болсаң, жырақ емес жырағың,
Бір әніңе жалғасады бір әнің!
 
Мүмкіндіктің бірі жоқ та, бірі бар,
Айлы түнде ұнатпайды ұрылар.
 
Мұзбен жүрсең бәрін ұлтан шешеді.
Зар боласың қара жолға кешегі.
 
Жау шабады ойда жоқта,
Жау шабады бір түнде.
Қашқан емес ерің түгіл,
Елін тастап итің де!
 
Жолбарыстың ізі қалмайды,
Жаңбыр құртының ізі қалмайды.
 
Тарсыл-гүрсілден басың қатады,
Тыныштықты жаның қалайды.
 
Біреу емес,
Он қызың бар.
Бірақ та –
Ұл күтесің
Жеткізер деп мұратқа!
 
Бармақтай бақ,
Бармақтай бақ!
Сол болса....
Сүйемейді асқар тау да,
Ақша тауың болмаса!
 
Адамға - есім,
Ағашқа өсім керек!
 
Ақыл – дұрыс нәрсе,
Бірақ ол – бақыт емес!
 
Кедейлік те сын,
Байлық та сын.
Біреуі – аздырады,
Біреуі – бұзады!
 
Ойла да ойна!
Ойна да ойла!
Озып та кетпе,
Қалып та қойма!
 
Ақымақтар бар бір айтқаны келмесе,
Бір айтқаны келеді.
Бірақ өзіне-өзі ырза болып өледі.
 
Сөздің иесіне сенбе,
Жүйесіне сен!
 
Қазанаттың қадірін азамат,
Азаматтың қадірін ел біледі.
 
Елдің көсемі дұрыс болса,
Есебі дұрыс болады.
 
Түзу жол уақыт алмайды.
 
Күн қуанып шығады,
Ұялып батады.
Бәріне кінәлі - адамдар!
 
Өкпе - екеу, бүйрек – екеу, көз – екеу,
Құлақ – екеу, аяқ – екеу, қол – екеу,
Тек жүрек жалғыз.
Жүрек екеу болғанда
Кез келген адамның екіге бөлініп кетуі мүмкін еді ғой.
 
Тірлікке біз сын көзімен қараймыз,
Тірлік бізге мұң көзімен қарайды.
 
Түннің өзі демалмайды,
Демалатын – ұлы еңбек!
 
Өмірдің мәні: көзің барда көру.
Алу емес – беру,
Жамандықтан жеру,
Жақсылыққа сену,
Көресіні көру.....
 
Асықпағын,
Саспағын!
Жаратпайды Жаратқан
Пенделердің астамын.
Ештеңе жоқ мәңгілік,
Өмір деген – қасқағым!
 
Көздің жасы кепкесін
Ақылды қыз...
Ұмытады өкпесін!
 
Шындық зарлап жылап тұр.
Жүрегіңе құлақ түр.
 
Ойлар – мидың азығы,
Ми – ойлаудың қазығы.
 
Ұғындыру мен жұмылдыру түбірлес.
 
Даналыққа толы кітапты ашпаған –
Қасиеттіге қарсы шығар хас надан.
 
Еңсерген теңселмейді,
Теңселген еңсермейді.
 
Көріктіліктің өзі де көптің көзінде кепілдемедей.
 
Жақсылық жар салмай-ақ өнегесін жаяды.
 
Әулекіні әулетіңнен аласта,
Сонда қамқор атанарсың Алашқа.
 
Түңілу –
Тұңғиыққа үңілу.
Үйде отырып сүріну,
Жерді құша жығылу.
 
Сыйынып жалбарынып,
Сұлулық тілеп алмассың.
 
Күле білмеген –
Өмір сүре білмейді.
 
Жады нашарлар жалған сөйлеп те жарытпас.
 
Ажарлы адам назарлы.
 
Сәтсіздіктің саты-саты сылтауы көп.
 
Мәңгілік – шексіз,
Кеңпейіл – кексіз.
 
Ойлаған озады,
Ойланбаған азады.
 
Ізгілікпен өбіс,
Мұратыңнан бөліс.
 
Арсыздық – апат етер қамсыздық.
 
Зерттей білген –
Жақсыны да, жаманды да таниды,
Танығаны қауымға да, өзіне де қайырлы.
 
Ойсыз еліктеу – желігу,
Абыройсыздыққа берілу.
 
Үйрену жолы әркімге әрқалай.
 
Бүгіннен сабақ алу –
Ертеңгі жаңалану.
 
Тіршілік жолы қимылда,
Мақсаттың басы пиғылда.
 
Адалдық – амандықтың төлқұжаты.
 
Ауыз жаласуды нағыз жарасу деп ойлама.
 
Сол құлағым тәуір,
Оң құлағым ауыр.
 
Даңғойды даурықпа деп таны.
 
Әділдерді әзәзіл әуреге салар.
 
Тәуекел таудан асырар,
Не құтыңды қашырар.
 
Шынайыны шындық деп таны.
 
Қайталап көшір,
Артығын өшір,
Қадірін өсір.
 
Кемеңгерлік – кемелге келгендік.
 
Тегеурінді, серпінді
Күйлер билер еркіңді.
 
Қастерлеп қайырылғанда ел дәстүрге,
Қыраны мен қырғиын теңдестірме.
 
Ардың тазалығы –
жанның мазалығы.
 
Бір елі биік ойлап кешегімнен,
Өзгеше рухтанып өсемін мен.
 
Ақыл-кеңес,
Сұрауың артық емес.
 
Сыпайы –
Сыпайының кетпес ұпайы

Түйіндер » Соңғы қосылған дүниелер »