Ақылбай атаның жастарға батасы - құттықтау

Ақылбай атаның жастарға батасы

Ақыл айттым, ұл – қызым, ұрпағыма арнадым,
Берекеге шақырам, байқарсың сөздің салмағын.
Туысқанмен ақылдас, бос қайтпасын қармағың,
«Ене көрген – тон пішер» деген сөзді жалғадым.
Жақсы ойланып, жастарым, мұның да байқа салмағын,
Біреулер мақтап жағынар, көре алмай біреу тарылар.
Ойдағыны айтты деп, біреулер мені сағынар,
Түсінетін сөз мәнін жақсы адамдар табылар.
Ағайын – туыс, құрбылар білгенін мақтап, жыр қылар,
Кейбіреуі жамандап, жегеніңді құм қылар
Ауыз бірлік сақтаған, берекені жақтаған
Ал туысқан ағайын, қайсыбірін жазайын -
Көре алмаған адамдар, өзі тартсын сазайын.
Жастарыма – аманат, тыңдасаңдар жамағат,
Жастарыма бұл сөздің қалғандары аманат.
Берекемен басқарып, біріңді – бірің қамдаңдар,
Білім менен өнерде тағы да артта қалмаңдар.
Жастар деп соққан жүрегім, туысты жақсы білемін,
Бақытты жастар болыңдар, қабыл болсын тілегім.
Семей қаласы
Мұқыр ауылы

Бата-тілектер » Жас жұбайларға бата » Өсиет » Баталар » Соңғы қосылған дүниелер »