Бала тәрбиесі /аударған Амангелді Маукенов - құттықтау
Бала тәрбиесі /аударған Амангелді Маукенов
Ой салатын тәмсілМен мынадай тәмсіл айтып бергім келіп отыр:
Бір әкеден туған, мінез-құлықтары мүлде үйлеспейтін екі ұл болыпты. Олар өсіп, мектепті тамамдап, кәсіп таңдайтын жасқа да жетіпті. Балалар ақыл сұрап, әкесінің алдына келеді.
- Әке, менің бай болғым келеді. Бірақ маған мұғалімім сен сараңсың деген еді,
сараң адам ешқашан бай болмайды екен, ендеше мен де ешқашан бай болмайтын шығармын.
- Балапаным-ау, мүлде керісінше ғой. Сен үнемшілсің, сондықтан бай боласың.
- Менің де бай болғым келеді – дейді екінші ұл. – Бірақ та мен ақшаны
үнемдегеннен гөрі жұмсағанды жақсы көремін. Мен ешқашан бай болмайтын шығармын.
- Балам-ау, қайта сенің ақшаға байланып қалған емессің. Ендеше, оны
бизнеске көп ойланбай батыл түрде салатын боласың. Сондықтан сен бай болмағанда кім бай болады.
- Мен сондай, қыңыр-қырсықпын,- дейді біріншісі.
- Жоқ, сен сондай өткір, өжетсің, сондықтан бай боласың.
- Мен барып тұрған жайбасар, ынжықпын,- дейді екіншісі.
- Жоқ, сен әр қадамыңды бүге-шігесіне дейін есептейсің, сондықтан бай
боласың.
- Мен сондай сабырсызбын, ұшып-қонып отырмасам болмайды. Жүйкем сыр
бере бастаған сияқты.
- Керісінше, сен керемет жігерлісің, асып-тасыған күш-қайратыңды әзірге қоярға жер таппай жүрсің . Оны керек жерге жұмсай білсең, сенен асқан бай адамды шырақ алып іздесең таба алмайсың!
- Мен кержалқаудың өзімін.
- Жоқ, олай емес, сен жақсы тынығуды және күшіңді қалай бөлуді білесің, сен бай болмағанда кім бай болады.
- Мен туралы есер деген сөз жиі айтылады.
- Мүлде басқаша ғой, сен әсершілсің, өз сезіміңді жасырмайсың. Бұл кісіні өзіне тартып тұрады. Бұл деген жақсы ғой.
- Ал мен томаға-тұйықпын.
- Қандай ғажап, бәсекелестерің сенің не ойлағаныңды ешқашан біле алмайды. Бизнес үшін таптырмайтын қасиет.
- Мен сондай ызақормын,- дейді біріншісі.
- Ызақор емес, талапшылсың.
- Мен болсам, тым жұмсақпын.
- Ендеше, адамдар саған шын ықыласымен көмектесетін болады.
- Мен тым сыңаржақпын.
- Тамаша, мақсатыңа жетпей қоймайсың.
- Ал мен болсам, алқа-салқа, жағасы жайлау бір жанмын.
- Шырағым-ау сен нағыз шығармашылықтың адамысың ғой.
Осылайша, ақылды әке мінез-құлқы әркелкі қос ұлына бақытқа барар жол сілтепті деседі.
Бұл өмірде әркімнің өз бақытын табуға мүмкіндігі мол екен ғой!
Өсиет » Соңғы қосылған дүниелер »