Мағжан Жұмабаев - құттықтау

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев
Жұмақтағы жібек желден,
Мәңгі жайнап тұрған гүлден
Жаратылған әйел сұлу!
Періштелер лебізінен,
Шын махаббат теңізінен
Жаратылған әйел сұлу!
 
Жұмақтағы кәусар судан,
Бетіндегі алтын будан,
Періштелердің жырынан.
Жұмақ суы сылдырынан,
Жапырағының сыбдырынан,
Тәңірінің өз нұрынан
Жаратылған періште еді,
Мекені оның ғарышта еді.
 
Тұрмыс деген бір тұзаққа,
Азға емес тым ұзаққа
Кез болыпты.

8 наурыз » Өлең - сөздің патшасы »