Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден - құттықтау

Нарболат Мұрсәлімбаев Семейден

Алмастай жүзі өткір бол қайратты,
Лайықты өз атыңа бол сымбатты.
Мамаңның ақ сүтін ақтағаның,
Ақылды боп өсіп сүйсең адалдықты.
 
Саған айтқан тілек орындалар,
Құлағына шалынып періштенің.
Әкеңнің артындағы ат шығарар,
Шаңырақтың иесі болып өзің.


1 жасың құтты болсын Нұрәлиім
Сен үшін күнде той, күнде жиын
Нұрәли жасқа толды дегеннен соң
Қуанып бәріміз де келдік бүгін.
Әке-шешең өзіңді еркелетсін,
Еркелікті неге олар көтермесін.
Ден-саулығың зор болып, ұзақ жаса,
Артыңнан Әлия атты бір қыз келсін.


Мирхат пен Маржанның қызығысың
Икемді боп әр нәрсеге өсе берсін.
Рахатыңа бөленіп әке-шешең,
Ата-әжең қызығыңды көре берсін.
 
Сен едің арманы бәрінің де,
Бала деген бауыр ет әлі күнге
Інің болсын артыңда арқа сүйер,
Риза болып қызықтасын әке-шеше.
 
Қоян жылы жайлы болсын келген міне
Астанадан үй алыңдар өздеріңе
Сәлемі ағаңның қабыл болып,
Шалынсын құлағына періштенің.


Қылығымен күлдіретін апасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешек,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Ақылды боп немересі атаңның,
Бақыты бол шөбересі әжеңнің,
Тілің менен қылығыңды қызықтап
Еркелетсін деп өзіңді  «Тентегім».




Туған күнге тілектер » Балдәурен (13-ке дейін) »