Ер азаматтарға арналған өлеңдер - құттықтау
Ер азаматтарға арналған өлеңдер
Өмір деген сынақ пенен бақыттан Жаратылған зымыраған уақыттан Ерің болса тіреп жүрген жаныңда Нәзік жан боп қуанарсың шаттықтан Ер адам боп жаралады өмірде Нағыз «ер» боп қала бермес бәрі де, «Қазақ ері» батыр, әрі батыл да, Абыройлы жігіт деген аты да. Әйел адам екі саты төмен боп, Ер адамды сыйлап жүрсе өнеді. Отағам деп қадірлесе өмірде Мерейі мен абыройы өседі.Әке көрген оқ жонар деді бабамыз, Аман болсын аялаған панамыз, Қабағыңа қарадық, әке ренжітпей, Біз ұшсақ та, жаның да жүрсін анамыз.
Аялап аға жүрер қарындас деп, Жаным деп, айналайын, қарлығаш деп. Інің жүрер әпкетай жылама деп, Сырласар өзіңменен жаныңа кеп. Өскенде гүлдей жайнап, бағың жанар, Адал ер - бақыт құстай қолға қонар, Жаныңда қадірлі нағыз ерің болса, Көңілің інжу-маржан сөзге толар. Жігіттер, жүректерің таза болсын, Жолдарың биік-шыңға ашық болсын. Егіз бір қозыдай боп бақ-дәулетің, Өмірің толысқан бір бақыт болсын. Ботагөз Сайфуллинқызы
Метки к статье: ер-азаматтарға арналған өлеңдер, жігіттерге арнау, 7 Мамыр күніне арналған өлең, тілектер
Ер-азаматтарды құттықтау » Соңғы қосылған дүниелер »