Бой көтерді Астана - құттықтау

Бой көтерді Астана

Сарыарқаның төрінен,                                                                                               
Байырғы қазақ жерінен.
Қарасаң көзің тоймайтын,
Бой көтерді, Астана.
 
Сұлу Есіл бойынан,
Шығар адам ойынан.
Қуанып елім тойлайтын,
Бой көтерді, Астана.
 
Бәйтерегім бақ болып,
Көңілі елдің шат болып.
Болашақты ойлайтын,
Бой көтерді, Астана.
 
Үйлері бұлтпен таласып,
Күлкісі күнмен жарасып.
Жылуы жанды жайлайтын,
Бой көтерді, Астана.
Нұрболат Бекетаев

Астана күні » Соңғы қосылған дүниелер »