Жүрегімнен Ақ тілек - құттықтау
Жүрегімнен Ақ тілек
Астананың Есілі сарқырайды,Мың бір шырақ түнімен жарқырайды.
Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім»,
Астанамның сұлулығын айқындайды.
Сәулеті де Астананың сондай көркем,
Сағынамын қаламды алыс кетсем.
Сендей қала табылмас бар ғаламда,
Асып-тассын әрқашан бақ-берекең!
Жаңа дәуір қаласы бұл-Астана,
Қазағымды танытар бар ғаламға.
Бейбітшілік, татулықтың ақ ордасы,
Мәңгі бақыт тілеймін жас қалама!
Жыр жазамын ару қала Астана деп,
Жыр жазамын шабыттана, мақтана кеп.
Туған күні бас қаламның құтты болсын
Жүрегімнен осындай жаздым тілек.
Байкен Медет, оқушы
Астана күні » Соңғы қосылған дүниелер »