Тілек 8 наурызға /Аманкүл қосқан/ - құттықтау
Тілек 8 наурызға /Аманкүл қосқан/
Құтты болсын мерекең! 8 Наурыз 2012 жыл көктемі, Қыстың кетті аязының өктемі. Мерекеңіз құтты болсын ханымдар, Күндей болып жарқыраңдар көктегі! Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің, Ақындардың өлең арнар жырысың. Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға, Ғасырларға жалғасады бұл ісің. Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған Шапақтарың бар әлемге таралған, Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың, Орындалсын жүректегі бар арман! Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, Бақыт берсін әр көктемнің айлары! 8 Наурыз қуанышқа бөлесін! Әкелсінші жаздың жылы елесін! Барлық халық аман болып елімде 8 Наурызға жете беріңіздер келесі! Кәкен Темірханов, зейнеткер ұстаз.8 наурыз » Соңғы қосылған дүниелер »