Қаһармандық дәстүрдің жарасты жалғасы - құттықтау

Қаһармандық дәстүрдің жарасты жалғасы

Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Біздің елімізде Отан қорғаушы күні 7 мамырда арнайы аталып өтеді.
  Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты мәжілісте Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің сөйлеген сөзі.
Аса құрметті Жоғарғы Бас қол­басшы мырза! Құрметті генералдар мен офицерлер! Қадірлі қонақтар! – деп бас­тады өзінің сөзін Ә.Жақсыбеков.
Осыдан жиырма жыл бұрын Елба­сының Жарлығымен елдік пен егемен­діктің тірегі – Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Қарулы Күштері құрылды.
7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қор­ғайтын Отан қорғаушылар күні.
Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.
Туған ел тағдырының ең бір ше­шу­ші кезеңінде Жоғарғы Бас қолбас­шы­ның тікелей бастамасымен рухы өр, арманы асқақ ағаларымыз Қарулы Күш­теріміздің айбынды армияға айналуына жол ашты.
Ардақты ағайын! Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен ты­­­ныш­тығының кепілі болып табылады, деп жалғады сөзін Қорғаныс министрі.
Сол себепті мемлекетіміздің әскери саласын үдемелі дамыту мақсатында игі істер атқарылып жатыр.
Президентіміздің: «Патриоттық рух бізге ауадай қажет», деген сөзі ақиқат. Өйткені, отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған.
Сондықтан әскерилердің бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ ғибрат аларлықтай, үлгі тұтар­лық­тай, ержүрек, намысшыл, адал, қай­сар мінезді сарбаздар тәрбиелеудеміз.
Еліміздің мақсаты мен мүддесін қорғап жүрген антына адал, сертіне берік Отан қорғаушылар келешек ұрпақ өкілдеріне өздері шынайы көңілден мақтан ететін мұра қалдыратынына сенім білдіремін.
«Саны жағынан жинақы, ұтқыр, жақ­сы жабдықталған, әзірлігі жоғары армия құру керек», деген Елбасының берік ұстанымын мақсат етіп, бүгінгі таңда оң өзгерістер мен тың бетбұ­рыс­тар жасап, әлемнің көптеген елдерімен халық­­аралық ынтымақтастықта жаңа деңгейге жеткен төл әскеріміздің сапасын арттырып, биік жетістіктерге жетудеміз.
Әскери ортада әлеуметтік сұраныс дұрыс шешім тапқандықтан, өз мінде­тін атқарып жүрген әрбір әскери қыз­мет­шіге де жоғары талаптар қойылып отыр.
Аса мәртебелі Жоғарғы Бас қолбас­шы мырза! Сіз Қарулы Күштердің негізін қалап, биік белестерге бастап келесіз. Еліміздің шекарасын бекемдеп, қауіпсіздігін нығайттыңыз. Сіздің кө­реген саясатыңыздың арқасында Қару­лы Күштеріміз аймақтағы тұрақты­­лық кепіліне айналды. Дүние жүзі Қазақ­станды әлемдік қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін құрметтейді.
Отанына, Елбасына адал қызмет ету әрбір әскери қызметшінің қасиетті борышына, абыройлы ісіне айналды.
Осының бәріне, Жоғарғы Бас қол­басшы мырза, Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында жеттік.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қа­зақ­стан Республикасы Қарулы Күште­рінің барлық жеке құрамының атынан, бейбіт елде өмір сүріп жатқан, бола­шаққа сеніммен қарайтын, өз арман-мақсатын, баянды бақытын тек қана Сізбен байланыстырып жүрген Қазақ­стан халқының атынан Сізге шын жүректен ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз.
Қазақстан тәуелсіздігін қалыптас­ты­ру­дың алғашқы жылдарында әлемдік картада пайда болған мүлдем жаңа елдің қоғамдық-экономикалық және саяси негіздерін құрудың ауқымы жө­ні­нен аса зор міндеттері тұрғанын барлы­ғымыз білеміз, деп сабақтады сөзін Ә.Жақсыбеков.
Орасан зор міндеттерге – қазіргі заманғы өсіп-өркендеген мемлекет құру міндеттеріне алғашқы қадамдардан бас­тап экономикалық дамудың, ішкі және әлеуметтік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын жасаудың және жүзеге асырудың қиын жолдарымен жүру, сонымен қатар, демократиялық қоғамдық институттар құру, мемлекеттермен дип­ломатиялық қарым-қатынастар орнық­тыру, күрделі көпқырлы сыртқы саяси міндеттерді шешу қажет болды.
Бүгін біз уақыт дәлелдеген батыл экономикалық қадамдардың, демократия қағидаттарын қатаң сақтаудың, жалпыға ортақ құндылықтарды құр­мет­теудің, ашықтық пен толеранттылық үдерістерінің дұрыстығына айқын көз жеткізіп отырмыз.
Экономикалық және ішкі саяси тұ­рақтылық, қоғамды әлеуметтік дам­ы­ту­­дың, Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың беделінің, оның дана саясатының, әлемдік мемлекеттер мен көршілеріміздің көшбасшыларымен же­­­ке достығының, еліміздің ірі ха­лықаралық ұйымдарға белсенді қаты­суының, коалициялық мүмкіндікте­рі­нің, Қазақстанның өзінің жаңа халық­аралық бітімгершілік институттарын құрып, жаңа стратегиялық бастамалар танытуының – осы және басқа көптеген факторлардың арқасында Қазақстан өзінің көп ұлтты халқын бір мақсатқа жұмылдырып, әлемдік қоғамдастыққа интеграцияланды және өзінің беделін нығайта түсті.
Осының барлығы жиналып келіп, біздің мем­ле­­­кетіміз қауіпсіздігінің бе­рік негізі болып қалануда.
Қазақстан бүгінде аса ірі бұқаралық ақпарат құ­­­ралдарында да танымал. Оны әлемдік қо­ғамдастық ішкі жағы­нан тұрақты, ырғақты дамып келе жат­қан, ядролық қау­­­іп-қате­р­­лердің алдын алу ісі мен әлемде бейбіт­­­шілікті ны­ғайтуда дәйекті саясат жүргізіп отырған сенімді әріптестерінің бірі ретінде қабылдайды.
Мұның жарқын айғағы наурыз айы­ның соңында Сеулде өткен Ядро­лық қау­­­іпсіздік жөніндегі жаһан­­­дық саммит барысында әлемдік көш­бас­шы­лардың Қазақстанның және Президент Нұрсұл­тан Назарбаев­тың жеке ба­сы­­­­ның таратпау саласындағы керемет үле­­сіне берген оң бағасы болып табылды.
…Өткенімізге көз сал­сақ, сол күр­делі кезеңдер­­де, экономикалық қиын­дық­тар тұсында мемлекеттік институттар, заңнама, сот, атқарушы билік органдарын құрумен, жаңа елордасы – Астананы салумен және басқа да көп­теген міндеттермен қатар, қоғам алдында, оның Көшбас­­­­шысының алдында сон­дай-ақ егемендік пен аумақтық тұ­тастықтың кепілі бола алатын, қажет жағдайда өзінің тәуел­сіз­дігіне кез келген қол сұғушылыққа ше­шімді түрде тойтарыс беруге және мемлекеттің ішіндегі тұрақтылықты қам­тамасыз етуге қабілетті өзінің Қару­лы Күштерін құру міндеті тұрды.
Қоғамды жұмылдырып, тұрақты дамудың кепілі мен елдің сыртында ғана емес, сондай-ақ ішінде де тірек болуға тиісті күшті және әскери қа­білетті армияның мемлекеттік құры­лыс­тағы рөлі жоғары екені айқын.
Қазіргі заманда нақ күшті армиясы бар мемлекеттің елішілік қоғамды бі­ріктіріп, оның тыныш дамуы үшін жағ­дай туғызатынын, азаматтарының қау­іп­сіздігі мен ертеңгі күніне сенімділігін арттыра түсетінін көріп жүрміз.
Мұндай мемлекеттер жоғары халық­аралық беделге ие.
Іс жүзінде жоқ жерден Қарулы Күш­тер құрып, кейіннен оны қазіргі заманғы армия деңгейіне көтеру оңай шаруа емес екені сөзсіз.
Бұл – қағидатты әскери-стратегия­лық шешімдерді экономикалық, сырт­қы саяси және басқа да мәселелермен тығыз байланыста шешуді талап ететін күрделі, көп құрылымды және көп функциялы үдеріс.
Қорғаныс министрі өзінің сөзінде сондай-ақ қару жасау, армия мен әскери технологияларды дамыту – ғылыми-тех­­никалық прогрестің қуатты қозғалт­қышы екені кез келген дәуір шындығы болып табылатынын атап көрсетті. Әуелде ақ­парат беру үшін таза әскери желі ре­тін­де пайда болған инте­р­неттің өзі бүгінде әлемнің кез келген бұры­шы­на таралып, өркениет атаулыны даму­дың ақпа­рат­тық деп аталатын жаңа даму кезе­ңіне алып шыққанына назар аударды.
Армия – бұл орасан ұйымдастыру­­шылық, материалдық, қаржылық, ғы­лыми және басқа да бұдан маңызы еш кем емес құралдар мен ресурстарды талап ететін мемлекеттік институт. Және армияның жағдайы – мемле­кеттің эко­номикалық қуаты мен әлеу­­меттік да­муының жинақталған көрінісі.
Қазіргі дүниенің ырғағы мен өзгер­мелілігі соншалықты, іс жүзінде әрбір он жыл сайын алға қарай жаңа про­грессивті сапалық секіріс жасалады.
Қарулы Күштерді жаңғырту – мемлекеттің әскери ұйымдарын өзгер­­мелі дүниеге тұрақты бейімделіп отыруды талап ететін перманентті үдеріс.
Қарулы Күштерді бір мәрте құрып, оларды не қажеттің бәрімен жарақтан­дырумен тоқтап қалуға болмайды. Егер сен тоқтасаң, жеңілгенің.
Осы уақыт ішінде Жоғарғы Бас қолбасшының өзгеріссіз жетекшілігі­мен өзіміздің армиямызды құрып, дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқа­­рылды, қорғаныс ведомствосын басқар­ған Сағадат Нұрмағамбетов, Әлібек Қа­сымов, Сәт Тоқпақбаев, Мұхтар Алтынбаев, Даниал Ахметов, сондай-ақ Бас штаб бастықтары, қолбасшылар мен тұтастай алғанда барлық әскери қыз­­метшілер еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға баға жеткісіз үлес қосты.
Жоғарғы Бас қолбасшы олардың көпшілігіне – генералдар мен офицерлерге әскери жетекші ретінде тамаша мансап биігін жасауларына зор мүм­кіндік берді. Кешегі жоғары әскери оқу орындарының түлектері оның қолынан лейтенант, ал полковниктер генерал погондарын алды, деді Ә.Жақсыбеков.
Қысқа мерзім ішінде елдің әскери ұйымын қалыптастырудың негізгі бағыттарын айқындап берген алғашқы Әскери доктрина қабылданды.
Бір мезгілде тиімді, икемді және функциялы ұйымдастырушылық құры­лым құрылды.
Қазақстанның қазіргі армиясы қағи­датты басқа армия болды.
Халықаралық сарапшылардың баға­лауынша және тиісті деректі айғақта­маларға сәйкес, бүгінде Қазақстан армиясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғындағы ең озық армиялардың бірі болып табылып отыр.
Ә.Жақсыбеков келесі кезекте армияны жасақтау аралас қағидат бойынша жүзеге асырылып жатқанын атап көр­сетті. Мемлекет басшысы қабылдаған кәсіби армияға өту туралы шешім Қарулы Күштерді сапалық жаңарту мен дамыту үшін қағидатты маңызға ие болды, деді Қорғаныс министрі.
Қазір әскердің негізгі арқауы – офицерлер мен келісім-шарт бойынша қыз­мет атқаратын әскери қызметшілер.
Оқып-үйретілген келісім-шарт қыз­ме­т­кері – тек сенімді іс-қимыл танытып, бекітіп берілген техника мен қару­­­ды ұстай алуға ғана емес, сондай-ақ өзінің тәжірибесін жас әскери қыз­метшілерге беруге де қабілетті білікті маман.
Құрылған кәсіпқой-сержанттардың институты әскерді басқарудың орта­лық органдарынан төменгі буындарына дей­інгі барлық құрылымдарын қамтиды.
Жоғарғы Бас қолбасшының маман­дандырылған орталықтарда резервис­тер­ді оқыту жөніндегі талабы жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.
Қысқа мерзімді қызметке шақыру­мен сәйкес, бұл мемлекеттің қажетті әскери-үйретілген резервін сапалық және сандық тұрғыдан жүйелі түрде толықтырып отыруға мүмкіндік береді.
Өткен жылдың қазанында бекітілген жаңа Әскери доктрина жаңа әлемдік әскери-саяси жағдайда мемлекеттің әскери ұйымын дамытудың орта мер­зімдік перспективасына арналған басымдықтарын айқындап берді.
Қазіргі заманғы армияны құруды әскери қызметке көрсетілетін сапалы әлеуметтік қолдаусыз қарастыруға болмайды, деп жалғады сөзін одан әрі Әділбек Жақсыбеков.
Бүгінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» жаңа заңның қабылдануына байланысты және әскери кәсіптегі адамдарға көрсетілетін қолдау шараларына орай, оның ішінде ақшалай  ризықты арттыру да бар, әскери қызметшілер әлеуметтік қамтамасыз етудің лайықты деңгейі мен кепілдіктеріне ие және өздеріне халықтың, Мемлекет басшысының, Үкі­меттің және жеке өзінің көрсетіп отыр­ған қамқорлығын мақтаныш тұта алады.
Әскери қызметшілердің кәсіби сапасы мен білімі кез келген армия үшін негіз қалаушы болып табылады.
Бөлімдер құрамында өткізілетін жат­ты­ғулар саны жылдан-жылға тұрақ­ты өсіп келеді, ал ол әскерлердің бейбіт уақыттағы қабілеті мен жауынгерлік даярлығының негізгі көрсеткіші болып табылады.
Тек өткен жылы ғана түрлі ауқым­дағы оперативті даярлық бойынша 140 іс-шара өткізілді, деп атап көрсетті осы ретте Қорғаныс министрі.
Жаттығулар барысында арнаулы, қор­­ғаныс, десантқа қарсы және қарсы шабуыл операцияларын ұйымдастыру мә­се­­лелері кешенді түрде жүзеге асырылады.
Жаттығуларға қатысатын шет мем­ле­кеттердің қарулы күштерімен өзара байланыстар деңгейі арттырылды.
Біліктілік, үйлесімділік және бөлім­дер арасындағы өзара қарым-қатынаста қазақстандық әскери қызметшілердің жо­­ғары кәсіптік жетілген­дігін көрсетеді.
Бейбітшілікті, халық­ара­лық және өңір­лік қау­іпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде тәуелсіз­дік­ті, республика аумағының тұтастығын қор­ғау елдің әскери қауіп­сіздігін қам­та­масыз ету саласындағы шешуші мақ­сат­тарға айналғанда ғана Қазақстанның өмірлік ма­ңызды мүдде­лерін тиімді қорғау мүмкін бола алады.
Осыған байланысты одақтастармен және әріп­тестермен бірлескен іс-қи­мылдар, коалициялық мүм­кіндіктерді пайдалану, дау-жанжалдардың алдын алу мен тыныштандыруда, күш­­­­тердің өңірлік тепе-теңдігін қолдау мәселе­лерінде интеграция деңгей­ін арттыру айрықша ма­ңызға ие бола түсуде.
Қарулы Күштердің жаңа сапалық жағ­­дайының келесі бір құрамдасы – әскер­лер­дің техникалық жарақтану деңгейі.
Қарулы Күштерді құру мен рефор­малаудың бар­лық сатыларында техно­ло­гиялық жаңғырту мәселе­ле­рі негізгі басымдықтар­дың бірі болып келді.
Қорғаныс министрлігі мемлекеті­мізде қолданудың барлық салаларында да қазіргі заманғы сынақтар мен қа­терлерге тиісінше жауап қайтаруға ба­ғытталған шаралар кешенін қарастыра­тын біртұтас әскери-техникалық саясатты жүзеге асыруда, деді Ә.Жақ­сыбеков.
Жыл сайын әскери техника мен қару-жарақ паркі 7 пайызға дейін жа­ңартылып тұрады. Бұл 10 жыл бойына өз арсеналында қазіргі заманғы қару-жарақтың 70 пайызға дейінін ұстауға мүмкіндік береді, ал ол жетекші мемлекеттер армияларының тәжірибесіне сәйкес келеді.
Министр атап өткендей, 2010 жылы Кадекс көрмесінің өткізілуі отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің индус­триялық-инновациялық дамуына жаңа серпін берді, Астанада екінші рет өткен көрме іс жүзінде қазіргі заманғы халықаралық іскерлік әріптестік пен әскери-техникалық ынтымақтастықтың жаңа алаңына айналды.
Бұл шаралар қазірдің өзінде ел экономикасы үшін мультипликативті әсер беріп, ол жаңа жұмыс орындарын құруда, ғылымды қажет ететін технологиялар трансфертін жүзеге асыруда, отандық өндірісті дамытуда, шетелдік өнім жеткізушілерге тәуелділікті қысқартуда көрініс табуда.
Отандық кәсіпорындарға тапсырыс­тар беру арқылы экономиканы ынталандыра отырып Қорғаныс министрлігі мен өзге де күшті құрылымдар қаржы­ны бюджетке қайтаруға ұмтылуда, деп жалғады сөзін қорғаныс ведомство­сының басшысы.
Атыс оқ-дәрілерін, тікұшақтарды, оптикалық-электронды жабдықтарды, байланыс құралдарын, автомобиль және бронды танк техникасын шыға­руға негіз қаланып, өндірістің техно­логиялық базасы дамытылуда.
Сонымен бір мезгілде қолда бар және әскерге келіп түсіп жатқан қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлікті сақтау үшін, қару-жарақ пен оқ-дә­рілердің қауіпсіз сақталуын қамтама­сыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау жөнінен шаралар қабылдануда.
Әскери қалашықтардың, оқу орта­лық­тары мен полигондардың инфрақұ­рылымдары әскерлердің орын тебу жүйесіндегі өзгерістерді ескере отырып дамытылуда.
Басқаша айтқанда, бейбіт уақыттағы міндеттерді толыққанды орындау және инфрақұрылымды дағдарысты әрекет ету жағдайына дайындау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.
3 мамырда қазақстандық Қарулы Күштер шежіресінде тұңғыш рет Жоғарғы Бас қолбасшының армия мен оның дәстүрлері үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл Қазақстан үшін тарихи маңызы бар Жарлығы шықты, деп атап көрсетті министр.
Бұйрықта армияның бүкіл жиырма жылдық жұмысына баға берілді. Соның арқасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бүгінде жауынгерлік даярлығының белсенділік деңгейімен, сапалы жұмылғыштық резервімен, ұлт­тық әскери оқу орындары желісімен және материалдық-техникалық қамта­ма­сыз етілуімен ерекшеленіп отыр.
Қарулы Күштер қатарындағы қыз­мет әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның қаһармандық және жауынгерлік дәстүрлеріне негіз­делген патриотизмнің қуатты өнегелі­лік мектебіне айналды, делінген бүкіл гарнизондар мен әскери бөлімдер сапының алдында салтанатты жағдайда оқылған бұйрықта.
Жоғарғы Бас қолбасшы 7 мамырды мемлекеттік мереке – Отан қорғау­шылар күні деп белгілеу жөнінде тапсырма берді, оны барлық әскери қыз­мет­шілер мен қазақстандықтар үлкен мақтаныш сезімімен және көтеріңкі көңіл күймен қабыл алды.
Қоғамдағы бірлік пен топтасқандық, жалпыадамзаттық бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында ғана жаңа мақсаттарға қол жеткізуге болады.
Барлық әскери қызметшілер өзіне деген тұрақты қамқорлық пен көңіл бөлушілікті, шынайы бүкілхалықтық қолдауды сезіне отырып, өзінің жау­ынгерлік шеберлігін арттырып, рухын, төзімділігі мен патриотизмін нығайтуда.
Өйткені, олар бүкіл қазақстан­дық­тар сияқты Қазақстан жері мен оның ең­­бек­сүйгіш халқы бүгінге дейін сақтап келген бай мүмкіндіктер мен әлеуетті өз талантымен бүгінгі күннің шын­дығына айнал­дырған Адамның үлгісін көріп келеді.
Ол таусылмас күш-қуатқа, идеялар­дың ізгі ниетті асқақтығына, оларға қол жеткізудегі табандылыққа ие Адам.
Соның арқасында бүгінде біздің қоғамымызда шығармашылық жасам­паз­дық ахуалы, ой-ниет пен істердің Қазақстанның болашағына ұмтылы­сының ахуалы салтанат құруда.
Ол – біздің мемлекетіміздің негізін қалаушы, біздің Көшбасшымыз, біз­дің Президентіміз – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз баяндамасын осындай сөздермен аяқтаған Әділбек Жақсыбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты, Қарулы Күш­тердің генералдары мен офицерлерін, солдаттары мен сержанттарын, арда­гер­лерді және бүкіл қазақстандықтарды тамаша мереке – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Сіздерді бүгінгі мерейлі мереке – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қарулы Күштеріміздің қуаты нығай­ып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін!
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, Елбасымыз жасасын!
Мерекелік салтанатқа Қазақстан армиясының барлық үш тегінің, яғни құрғақтағы, теңіздегі және әскери-әуе күштері өкілдері қатысты. Концерт залының кең аумағында әскери дай­ындықтың үздіктері бойларына құйып қойғандай жарасқан киімдерімен сымдай тартылып, көрген жанның көзін қызықтырып жүріп өтті. Сонымен бірге, кеуделері орден-медальдарға толы аға ұрпақ өкілдері де қаптап жүрді. Олардың арасында аттары елімізге барынша танымал, атақты генералдар, әскербасылары да көп болды.
Салтанатты мәжіліс барлық әске­рилерге тән жинақылықпен, министр­дің баяндамасынан кейін бірден аяқ­талды да, ол Қарулы Күштердің көр­кем­өнерпаздары мен эстрада жұлдыз­да­ры күшімен дайындалған тамаша кон­цертке ұласты. Бүгінгі күні Қазақ­стан әскері тек кәсіби дайын­дық­та ғана емес, көркем өнерде де үлкен жетіс­тік­терге жетіп отырғаны осы жерде анық көрінді. Сахнада Отанға деген сүйіс­пен­шілік, патриотизм рухы ескен талай әндер мен күйлер орындалды. Олардың көбісі көпшілікке бұрыннан таныс шығармалар болса да, кілең қай­ратты жастардың орындауында өзгеше сер­пінмен естілді. Мәселен, Құрманға­зы­ның «Адай» күйін талай естіп жүріп, дәл осы жолғыдай құлпырып кеткенін бұрын көрмеген екенбіз. Өзі де адуынды күй қуатты жастардың орындауында айрықша құдіретке ие болды.
Бір сөзбен айтқанда, мерекелік концерт көпшіліктің көңілінен шығып, ұзақ уақыт есте қаларлықтай тамаша әсер етті.
Жақсыбай САМРАТ.
[url=http://][/url]

Ресми мерекелерге » Отан қорғаушылар күні »