ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығына байланысты Елбасының құттықтау сөзі - құттықтау
ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығына байланысты Елбасының құттықтау сөзі
2012 жыл, мамырдың 7-сі Н.Назарбаевтың құттықтауы Құрметті қауым! баршаңызды бүгінгі мемлекеттік мереке деп жарияланған Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біз жақында бірлік мерекесін тойладық. Енді ерліктің мерекесін атап өткелі отырмыз. Тәуелсіздіктің өткен 20 жылдығы үдерінде еліміздің ішінде көп жұмыстар жасадық. Мемлекетілікті әр салада баянды еттік. Соның ішіндегі ең негізгісінің бірі - Тәуелсіздікті қорғайтын, шекарамызды мызғымастай ұстайтын өз әскерімізді құру еді. 1992 жылдың 7 мамырында мен өз Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш рет республткамыздың қарулы күштерін құрдым. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз армиямызды, әскерлер түрін түздік. жаңа доктрина бекіттік. Өз әскерімізді қаруландырып шықтық. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды. /Әскери басшыларға/ Біздің бәріміз - Тәуелсіздіктің тәрбиеленушілеріміз! Тәуелсіздік алғалы 20 жылдың ішінде біз Қазақстанның төл офицерлерін дайындап шықтық. Осы жылдар ішінде сіздер сардарлық қызметтің барлық сатысынан өттіңіздер. айрықша еңбектеріңізді, әскери қызметтегі табыстарыңызды, жоғары тәртіптеріңізді атап өте отырып, мен сіздерді марапаттау туралы арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бірлігіміз бекем, қалқанымыз берік болған соң, ел тыныштығы бұзылған жоқ. Бүгінгі мерке арқылы біздің әскери азаматтар жастарды отансүйгіштікке, Отан қорғауға тәрбиелеуге елеулі үлесін қосады деп сенемін. Ұлттық қауіпсіздік - біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Ұл боп туып, жерге шыр етіп түскеннен кейін әр азаматтың борышы - Отанымызды қорғау. Бұл барлығымыздың конститутциялық міндетіміз. Отан қорғаушылар мерекесі Жеңіс күні қарсаңында өтеді. Сол жеңі жолында қаншама қазақстандықтар шейіт болған. батыр бабаларымыз елді сақтап, Тәуелсіздігімізді құруға шаррт жасап, жолын салып берді. Аға ұрпақ өздеріне жүктелген істі орындады. Осының арқасында біз тәуеллсіз республиканы - Қазақстан Республикасын құрдық. Ата-баба ерлігіне дайын болайық! /Генералдарға/ Біздің міндетіміз - шекарамызды, тәуелсіздігімізөді, халқымызды бұзудың кез келген әрекетіне тойтарыс беруге дайын жинақы, ұтқыр да күшті армия құру. сіздер өз шеберліктеріңізді ұштай түсуге тиіссіздер! отанның кез келген бұйрығын орындауға әзір болыңыздар. сіздер осы үмітті ақтап жүрген азаматсыздар деген үміттемін және солдаттарды, кіші офицерлерді соған тәрбиелейсіздер деген сенімдімін. Сіздерге қарап, біздің жастар бой түзейді. Мен барлық ардагерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Бәріне мықты денсаулық, халқымыздың бейбітшілігі мен тыныштығы, Қазақстанды өркендету жолындағы қызметіне табыс тілеймін!Ресми мерекелерге » Отан қорғаушылар күні »