1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шығармаларға арқау болар материалдар - құттықтау
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шығармаларға арқау болар материалдар
Қазақстан менің елім, Отаным дейтін әрбір ұлт өкілі халықтар достығының кепіліне айналды. Ұлтаралық келісімді сақтап, тыныштық пен татулықта, бір мақсат-мүдде, елдікті орнықтыру жолында өмір сүруден басқа қандай бақыт керек?! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ жеріндегі тұрақтылық тұғырын берік сақтау саясатының мәні де осында жатыр емес пе. Кеудеңді елің үшін мақтаныш сезімі кернейді. Отанымыздың демократиялық қоғамның жоғары идеалдарын құруға ұмтылу бағытын, ұлттар арасындағы бір-біріне деген құрмет пен достықтың, мәдениеттің өз-ара байланысын басқа өркениетті елдер де оң бағалауда. Бүгінде ұзақ жылдар достығы жарасып, үйімен үйі көршілес, балалары бірге өскен, өздері қызметтес болып бір жерде жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдерін өгейсітпей, ортақ Отанға біріктіру егемендікті орнықтырудың өзіндік бір мақсат-мүддесі болып табылады.Отан, тәуелсіздік, тұрақтылық, тұрақты даму ұғымдары әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алды. Қазіргі кезде облыста көптеген ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өткен ғасырларда жерімізге келіп қоныстанып қалған орыстар, украиндар, татарлар, белорустар қатарына ауыр жылдардың зобалаңы кезінде корейлер, немістер, поляктар, чешендер, ингуштер, қарашайлар, балқарлар, тағы басқалары келіп қосылды. Тың игеру жылдары, индустрияландыру ұранымен қоныс аударып, осы жерді Отаным деп тұрып қалғандар да баршылық.
Елбасы біздің өмір сүріп отырған қоғамдағы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтауға, елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің рухани-мәдени өрлеуі мен өсуіне қамқорлық жасауға, өркениеттілік пен демократия нормаларына сүйене отырып, азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыруға, қоғамның рухани дамуының тұжырымдамалары мен бағдарламаларының жобаларын дайындап, оларды жүзеге асыруға белсене араласуға үндейді. Осы орайда, алдымызға жас ұрпақты отаншылдыққа, өскен жерлерін сүюге тәрбиелеу, мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқып-үйрену, оны құрметтеу арқылы әртүрлі ұлт өкілдерінің арасын одан сайын жақындастыру міндетін қояды. Арамызда қазақ тілін білетін қаншама өзге ұлт өкілдері жүр. Бізге осы дәстүрді, қазақ тіліне, қазақ халқына деген құрмет пен сыйластықты беріктіре түсу қажет.
"Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!" иә, көңілік көк жайлаудан кең қазақ халқының құшағына бәрі сияды. Сайын даласы кімдерге мекен болмады?! Жүрегі мен пейілі көпке жайылған ұлтымыздың ырысы мен мен берекесі құдайындай сыйлап, төріне көтерген қонағымен артқан. "Қырықтың бірі - Қыдыр" деп мәтелдегені де содан. Қара су мен қара нанға зар болған күнде де қайран жұртымыз паналай келген өзгені өзегінен теппей, соңғы күлшесін де бөліп жепті. Беу, қонақжайлылығымыз мен мейірімділігіміз мерейімізді сан мәрте биікке де шығарды емес пе?! Байтақ жерімізді пана қылып, қанатымыздың астынан өсіп-жетілген өзге ұлт өкілдері әр күн сайын әрбір қазаққа, қанымызға қонақжайлылық пен кең пейілділікті сіңіріп кеткен ата-бабаларымыздың рухына алғыс айтады. Оныңдәледін дүбірі таяп қалған ел бірлігі мерекесінен анық көреміз. Ынтымақтың ізгі меркесін бәріміз бірге тойлайық. ағайын! Шынайы бірліктің шырайлы мерекесінде түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымағымыз жараса, тойлауға асығайық.
1 мамыр » Шығармалар »